Экономика • 11 Мамыр, 2022

Транскаспий бағыты бойынша жүк тасымалы артады

504 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылғы контейнерлік тасымалдар өткен жылға қарағанда екі есеге өспек. Бұл туралы Анкарада өткен «Транскаспий халықаралық көлік бағдары» халықаралық қауымдастығы Жалпы жиынының (Middle sorridor) мәжілісінде айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Транскаспий бағыты бойынша жүк тасымалы артады

«Қазақстан темір жолы» компаниясының хабарлауынша, биыл контейнерлік тасымалдар өткен жылға қарағанда екі есе өсіп, 50 мың ЖФЭ дейін жетеді деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар жалпы тасымал алты есеге - 3,2 млн тоннаға дейін артады деген болжам бар.

Айта кетсек, 2022 жылдың төрт айында Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша 733 мың тонна жүк тасымалданған. Бұл - 5 мыңнан астам вагон ары-бері өтіп, 10 мың ЖФЭ контейнерлерді діттеген жеріне жеткізді деген сөз.

Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) Қытай, Қазақстан, Каспий теңізі акваториясы, Әзербайжан, Грузия, Түркия және Қара теңізі арқылы Еуропа елдеріне өтеді.