Қоғам • 11 Мамыр, 2022

Алматыда екі қаржы пирамидасына қатысты іс сотқа жолданды

579 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бостандық ауданының прокуратурасы Алматы сотына «Astra Consulting Agensy» және «Alpha Lux Consulting» қаржы пирамидасына қатысты қылмыстық іс түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда екі қаржы пирамидасына қатысты іс сотқа жолданды

Алматы қаласы Бостандық ауданының прокуратурасы «Astra Consulting Agensy» ЖШС және «Alpha Lux Consulting» ЖШС басшылары мен менеджерлеріне қатысты қаржы пирамидасы туралы қылмыстық істі сотқа жолдады. Қаржы пирамидасы салымшыларға 600 млн теңгеден астам шығын келтірді.

«Тергеу барысында анықталғаны, ұйымдастырушылар мен менеджерлер ұялы телефондарға қоңырау шалып, қаржылық сауаттылық курстарына шақырған. Содан кейін олар салым сомасына байланысты әртүрлі пайыздармен 124 салымшыны алдап, ақшаны сенімгерлік басқару туралы келісімдер жасаған. Инвесторларға салым сомасына байланысты жедел төлемдер беруге уәде еткен. Қылмыстық іс шеңберінде 6 адам күдікті ретінде танылып, оларға қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды», деп хабарлады прокуратурадан.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс аяқталып, сотқа жолданды. Прокуратура органдары азаматтарға жоғары пайда табуға уәде беретін түрлі кәсіпорындарға қаражат салу туралы ұсыныстар алған кезде абай болуға шақырды.

Соңғы жаңалықтар

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Кеше

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Кеше

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Кеше

Заманауи киіз үй

Өнер • Кеше

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • 25 Шілде, 2025