Ғылым • 12 Мамыр, 2022

Ғалым әйелдер форумы

479 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанда ғалымдардың 54%-ын әйелдер құрайды. Бұл тура­лы «Қазақстандық ғалым әйелдер» қоғамдық бірлестігінің форумында айтылды.

Ғалым әйелдер форумы

«Қазақстандық ғалым әйел­де­р» қо­ғамдық бірлестігі ғылым мен қоғамда: заманауи тұлға да­муы­ның этномәдени негіз­дері» атты республикалық ғылы­ми-прак­тикалық форум өтті. Форумға қатысушылар зама­науи тұлға дамуының қайнар көздері, ұлттық сананы қалып­тас­тырудағы ана тілінің, төл мәдениетінің және отба­сы­ның рөлі, жас ұрпақтың ұлттық құн­ды­лықтарға деген заманауи көз­қарасы сынды мәсе­ле­лерді талқыланды.

Жиында сөз алған Ғылым комитеті төрағасының орынбасары Думан Орынбеков Қазақ­станда 9 738 әйел отандық ғы­лым­ның дамуына өз септігін тигі­зіп жүргенін жеткізді.

«Қазақстандағы ғалым әйел­дер­дің рөлі біз үшін жоғары. Отандық ғылымды дамыту әр­­қашан министрліктің басты на­зарында. Статистикалық мәлімет­тер­ге сүйенсек, Қазақстанда жалпы ғалымдардың 54%-ын әйел­дер құрайды. Бұл – жақсы көр­сет­кіш. Еліміздегі ғалым әйел­дердің басын қосып, осын­­дай шаралар өткізетін ұйым­­­дардың бар болғанына қуаныштымыз. Ғылымдағы әйелдер қауымы әр­қа­шан талантты, креатив және олар өзекті әрі маңызды жобаларды жүзеге асырып келеді. Сер­­пінді ғылыми әзірлемелер жа­­сауға сіздердегі әлеуеттің же­­­­те­тініне, еліміздің экономикасын көте­руге үлес қоса­тын­да­рыңызға сенім­дімін», деді Д.Орынбеков.

Сондай-ақ форумда «Қазақ­стандық ғалым әйелдер» қоғам­дық бір­лестігінің бес жылда атқар­­ған жұмысы баяндалды. Қа­­зақ­­стандық ғалым әйел­дер қо­ға­­мының президенті Таңат Аяпованың айтуынша, ұйым ғы­лым­дағы әйелдердің орны мен маңызын айқындап көрсету, бо­ла­шақ ұрпаққа бас­ты құн­ды­лық­тарды әртүрлі іс-шаралар ар­қы­лы жеткізуді көз­дей­ді.

«Өскелең ұрпақтың санасына ұлттық құндылықтарды сіңіруге атсалысу біздің міндетіміз деп санаймын. Елімізде ғалым­дар­ға қолдау көрсетіліп келеді. Әйел ғалымдар жайлы энцик­ло­­пе­дияның екінші томы дайын­далып жатыр, оны жастарға, PhD докторларға арнаймыз. Бү­гінге дейін магистранттарды қо­ғам­дық бірлестікке тарту ерте деп ойлаған едім. Бірақ алдағы уақытта жастарды бірлестікке тарту, қатарымызға әртүрлі ма­мандық бойынша магистрлерді қосуды жоспарлап отырмыз. Қоғам мүшелеріне үлкен ри­за­шы­лығымды білдіремін. Бүкіл әлем Қазақстанда әйел ғалымдар бар екенін білуі тиіс», деді профессор Т.Аяпова.