Отандық ғалымдар мұғалімдерге оқушылардың ғылыми жұмыстарын тиімді дайындау жолдары жөнінде кеңес берді. Семинарға Алматы облысының Қарасай ауданындағы мектептердің 200-ден аса педагогі қатысты.

Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің бір топ ғалымы Қарасай ауданы білім бөлімінің Әлжан Бұқарбайқызы атындағы қазақ орта мектебінің бастамасымен Алтын ауыл орта мектебі базасында мұғалімдерге өз тәжірибесін бөлісті. Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ профессорлық-оқытушылық құрамының өкілдері аудандағы барлық білім беру мекемесінен келген қатысушыларға инженерлік бейінді зертханада атқарылып жатқан ғылыми ізденістер туралы айта келіп, өз жұмыстарының иерархиясы туралы баяндады.
Аталған университеттің профессоры, инженерлік бейінді зертхана жетекшісі Сейтхан Азат сабақтастықтың маңызына тоқталды.
– Оқушылардың қалалық және республикалық жобалар конкурсында қазы болған кезімде көптеген проблеманы байқадым. Оқушылар жоба конкурсына бір ай немесе бір апта қалғанда ғана дайындала бастайды. Кейбірі тіпті дайын диссертациялық, дипломдық жұмыс негізінде конкурстарға қатысады. Ауылдық жердегі мектептердің материалдық жағдайы ғылыми тәжірибелер жасауға мүмкіндік бермейді. Кез келген университет зертханаларымен бірлесе жұмыс атқару да қолжетімді емес. Сондықтан университет-мектеп-өндіріс ортасында ортақ алаң жасау ойымызда бар. Дәл осындай ауқымды семинар республика көлемінде бірінші рет өтіп жатыр. Басты мақсат – оқушылардың сапалы ғылыми жобалар жасауына дұрыс бағдар беру және жағдай жасау. Алдағы күндері университет пен мектептер арасында меморандумға қол жеткізіп, университет жанынан мектеп оқушыларына арналған зертханалар, орталықтар ашып сапалы кадрлар дайындауды қолға алмақпыз, – дейді С.Азат.
Оның айтуынша, Қарасай ауданы Шамалған ауылының Әлжан Бұқарбайұлы атындағы қазақ орта мектебі директорының орынбасарлары мектеп оқушыларының ғылыми жоба дайындауы, оны рәсімдеуі барысындағы кедергілерді жою жолдары жайлы Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ инженерлік бейінді зертханасынан көмек сұраған. Алғашқы кезде онлайн вебинар өткізіп, жоба дайындауға қойылатын талаптармен таныстырыпты. Енді сол жұмыс өз жалғасын тауып, семинарға ұласып отыр. Алдағы жұмыс мектеп-университет-өндіріс форматында өрбуі керек.
А.Керімбеков атындағы орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Ерден Ерланұлы:
– Семинардан ерекше сезіммен шықтым. Біріншіден, Қ.Сәтбаев атындағы ұлттық техникалық зерттеу университеті тәрізді іргелі ғылым ордасы мен қарапайым ауыл мектебі арасындағы ынтымақтастық деңгейі қуантты. Екіншіден, семинар барысында Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ ғалымдары ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағытын, тақырыбын таңдаудан бастап оларды ұйымдастырып жүргізу әдіс-тәсілдеріне тоқталып, нәтижеге қол жеткізу кезеңдеріне дейін тәптіштеп түсіндірді. Ғалымдар өз жұмыстарымен таныстырғанда олардың ғылыми еңбектері аясында мектеп оқушыларына қолжетімді, зерттеуге тұрарлық тақырыптар анықтап алдым, – дейді.
Вакцина салдырған қазақстандықтардың саны нақтыланды
Коронавирус • Бүгін, 13:22
Алматы маңында жер сілкінісі болды
Аймақтар • Бүгін, 12:57
Коронавирус жұқтырудың 188 жағдайы анықталды
Коронавирус • Бүгін, 12:20
Кәсіпкерден 50 млн теңге бопсалаған блогер қамауға алынды
ANTIKOR • Бүгін, 11:10
Елордада ауылшаруашылық жәрмеңкелері өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 09:37
Президент қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:09
Қазақстан • Бүгін, 08:50
51,4 мыңға жуық адам әлеуметтік төлем алды
Қоғам • Кеше
Футболдан Қазақстан чемпионаты: «Ақтөбе» топ жарды
Футбол • Кеше
Елордада екі автобустың бағыты уақытша өзгереді
Елорда • Кеше
Ирандағы жер сілкінісінен бес адам көз жұмды
Әлем • Кеше
Алматыдағы Сайран көлі құрғатылады
Экология • Кеше
Алматыдағы «Алтын-Орда» базары маңында дәмхана өртенді
Аймақтар • Кеше
Бүгін Қазақстан әскери-әуе күштерінің құрылған күні
Қазақстан • Кеше
Мүлік иелері бірлестігіне көшудің механизмі түсіндірілді
Қазақстан • Кеше
Қазақстан-Люксембург дипломатиялық қатынасына 30 жыл толды
Қазақстан • Кеше
Жетісу өңірінен шыққан қос тұлғаға ескерткіш орнатылды
Аймақтар • Кеше
Президент Алматы әкімін қабылдады
Президент • Кеше
Қазақстанның дипломатиялық қызметіне – 30 жыл
Қазақстан • Кеше
«Қазфосфат» кәсіпорында 2 жұмысшы мерт болды
Қоғам • Кеше
Алматы мен Ақтөбеде ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Кеше
Иранда 6 балдық жер сілкінісі болды
Әлем • Кеше
Өткен тәулікте 187 адам індет жұқтырды
Коронавирус • Кеше
Бүгін ақын Мұхтар Шаханов 80 жасқа толды
Қазақстан • Кеше
Елордада субұрқақтан энтеровирус анықталды
Елорда • 01 Шілде, 2022
Мақтаарал тұрғыны ауласынан адам сүйегін тауып алды
Оқиға • 01 Шілде, 2022
2500-ден астам домбырашы қазақтың танымал күйлерін бір мезетте орындады
Өнер • 01 Шілде, 2022
Өскеменде 4,3 млн теңге жымқырған есепші ұсталды
Оқиға • 01 Шілде, 2022
Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысы жаңа форматта өтті
Үкімет • 01 Шілде, 2022
Қарағандыда ғарыш мониторингі базада тіркелмеген 11 мың жер учаскесін тапты
Аймақтар • 01 Шілде, 2022
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • 01 Шілде, 2022
Ұқсас жаңалықтар