Тағайындау • 23 Мамыр, 2022

Ораз Жандосов жаңа қызметке тағайындалды

4236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұрынғы вице-премьер, Ұлттық Банк пен Қаржы министрлігінің бұрынғы басшысы Ораз Жандосов Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ораз Жандосов жаңа қызметке тағайындалды

Бұл туралы Бағдат Мусиннің Facebook-парақшасында хабарлады.

Министр кейде маңызды шешім қабылдау үшін тәжірибелі кісілердің кеңесі қажет екенін айтады.

«Маған кез келген сәтте консультация беретін аса тәжірибелі, өзім арқа сүйейтін кісілердің бірі - Ораз Әлиұлы Жандосов. Онымен Қазпоштада жұмыс істегенде танысқан болатынмын, ол кезде тәуелсіз директор болатын және Директорлар кеңесінің төрайымы Елена Леонидовна Бахмутовамен бірге маған тәжірибелік тұрғыда көп қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар жасаған еді. Сондықтан мен экономика саласының білікті маманы Ораз Жандосовқа штаттан тыс кеңесші болуға ұсыныс жасадым», делінген жазбада.