Референдум • 24 Мамыр, 2022

Жастарды белсенді болуға шақырды

373 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 5 мау­сым күні жалпыхалықтық референдум өтетіні белгілі. Дәл сол күні Ата Заңның үштен бір бөлігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі халықтың қалауымен шешімін табады.

Жастарды белсенді болуға шақырды

Күні кеше Парламент Сена­ты­ның депутаты Ақылбек Кү­ріш­баев пен «Қазақ қызы» қо­ғам­дық ұйымының төрағасы Қарақат Әбден Жоғары көлік және коммуникация кол­лед­жі­нің қызметкерлері және сту­денттерімен кездесіп, «Ре­фе­рен­дум – демократиялық қоғам­ның маңызды құралы» тақы­ры­бы төңірегінде әңгіме өрбітті.

Кездесу барысында елор­да­да­ғы техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері директорлар кеңесінің төрағасы, Конс­­ти­туциялық реформаларды тү­сін­діру жөніндегі Нұр-Сұлтан қаласы бойынша республикалық қоғамдық штабтың басшысы Зұлпұхар Ғайыпов сөз алып, сая­си реформаның мән-маңы­зы­на тоқталды.

Сенатор Ақылбек Қажы­ғұл­­ұлы жалпыхалықтық рефе­рен­думның Жаңа Қазақ­стан­ды қалыптастырудағы маңызына кеңінен тоқталды. Сондай-ақ ол өз сөзінде референдумға енгі­зілуге тиіс өзгерістер мен то­лық­ты­рулар мемлекетіміздің қа­ра­па­йым азаматының өмір сүру дағдысына қаншалықты оң әсер ететіні жөнінде де нақты мысалдар арқылы пікірін білдірді.

Кездесу барысында қаты­су­шылар тарапынан қойыл­ған сауалдарға нақты жауап берген Сенат депутаты әр бап бойынша енгізілуі ықтимал өзгерістерге жеке-жеке тоқталды. Кейіннен сөз сөйлеген Қарақат Жақсы­лық­қызы еңбек ұжымына дауыс берудің ережелері мен шарттарын түсіндіріп, референдумға белсене қатысуға шақырды.