Ауа райы • 17 Маусым, 2022

Жұмаға арналған ауа райы болжамы

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазгидромет 17 маусымда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жұмаға арналған ауа райы болжамы

Ел аумағының басым бөлігіне әліде атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді, осыған байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағаймен жаңбыр жауады, сондай-ақ бұршақ, дауыл күтіледі.

Еліміздің солтүстігінде, оңтүстігінде көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі.

Шығыста, Алматы облысының таулы аудандарында желдің күші 15-20, облыстың шығысында екпіні 25 м/с күшеюі күтіледі. Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында бұршақ, дауыл, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында бұршақ жаууы ықтимал, облыстың оңтүстік-батысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Түркістан облысының таулы аудандарында дауыл, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі.

Күндіз Қызылорда облысының шығысында, Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының солтүстік-шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-шығысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Күндіз Қызылорда облысында қатты ыстық күтіледі. Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Түркістан облысының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, Жамбыл облысының орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.