Қазақстан • 20 Маусым, 2022

Жеңімпаз пенальтиден анықталды

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордада журналистер арасында шағын футболдан облыс әкімінің кубогы үшін республикалық турнир өтті. Тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған додаға Нұр-Сұлтан, Алматы, Талдықорған, Шымкент қалалары мен Жамбыл, Түркіс­тан облыстарынан 9 команда қатысты.

Жеңімпаз пенальтиден анықталды

Екі күнге созылған турнирде жанкүйерлер талай тартыс­ты ойынның куәсі болды. Дода басталғаннан-ақ ширақ ойын көрсеткен «Хабар» агенттігі, «Экспресс-К» тілшілері, Жеті­су журналистерінен жасақ­талған «Қарекет» пен жер­гілікті «Ақмешіт» командасы ойыншылары бәсеке түйін­делер тұста кездесті. Үшінші орын үшін өткен ойында қы­зыл­ордалық «Ақ­мешіт» «Қа­ре­кеттен» 5:3 есебімен басым түсті. Финалда кездескен «Экспресс-К» мен «Хабар» фут­бол­шылары негізгі ойынды тең аяқтап, пенальти тебуден алғашқы ұжым жігіттері басым түсті.

Қала әкімі Асылбек Шә­менов турнир жеңімпазы – «Экспресс-К» командасына арнайы кубок пен 1 000 000 теңге табыс етті.

Екінші орын алған «Хабар» командасы – 700 мың, қола жүл­дегер – «Ақмешіт» 400 мың, төртінші орын иемденген «Қа­рекет» командасы 200 мың теңге иеленді.

Алматылық команда құра­мындағы Шоқан Махан «Үз­дік ойыншы», «Қарекет» коман­да­сының ойыншысы Есболат Ай­даболсын «Үздік шабуылшы» атанды. «Тараз пресс» коман­дасының намысын қорға­ған Ай­бек Қабылша «Үздік қақ­па­шы», шымкенттік Арай Есен­бек «Үздік қорғаушы» аталымы бойын­ша марапатталды.

р

 

ҚЫЗЫЛОРДА