Мектеп мұғалімдеріне еңбек демалысының ақысы мен денсаулықты сауықтыру жәрдемақысын уақтылы төлемеу мәселесі «AMANAT» партиясы жанындағы Білім беру және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің кезектен тыс отырысында қаралды, деп жазады Egemen.kz.

«AMANAT» партиясының Хатшысы Жігер Қалиевтің айтуынша, орын алып отырған жағдай мемлекеттің педагогтарды қолдау үшін жұмсаған бар күш-жігерін зая кетіреді.
«Мәжіліс депутаттары мен партияның аймақтардағы қоғамдық қабылдау бөлмелеріне мектеп мұғалімдерінен еңбек демалысының ақысы мен сауықтыру жәрдемақысының толық және уақтылы төленбеу фактілері бойынша көптеген шағым келіп түсті. Партия мүшелерінің 30%-дан астамы – білім беру саласының өкілдері. Сондықтан бүгін біз партия алаңына өкілетті министрліктердің өкілдерін шақырдық және бейнеконференця байланысы арқылы барлық өңір қосылып отыр», деді Жігер Қалиев.
Өз кезегінде Кеңес төрағасының орынбасары, «AMANAT» партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова білім саласын дамытып, ұстаздардың мәртебесін көтеруді партия өзінің сайлауалды бағдарламасында белгілеп, қолдап келе жатқанын алға тартты.
«Пандемиядан кейінгі оқу жылы ұстаздарымыз үшін де оңай болған жоқ. Осындай кезде мұғалімдерге қатысты мұндай жағдайдың орын алғаны жөнсіз. Кеңеске қай мектептің, қай мұғалімі төлем алмағаны туралы мәлімет берілуі тиіс. Ал 30 маусымға дейін барлық қаражат төленуі қажет», деді депутат.
ҚР Білім және ғылым вице-министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, мәселе жергілікті атқарушы органдардың бюджетті дұрыс жоспарламауынан туындаған.
«Қазіргі таңда өңірлер төлемдердің 92,5%-ға жүзеге асырылғанын хабарлады. Жақын арада барлық мұғалімдер тиісті қаражатты алады»,-деп сендірді вице-министр.
Алайда жергілікті атқарушы органдардың өкілдері төлемдер қаражатты ішкі қайта бөлу есебінен жүргізілетінін және жыл соңында көпшілігі бюджет тапшылығына тап болатынын алға тартты.
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Юлия Кучинская мәселенің түп-тамырына үңіліп, оны жүйелі түрде шешу керек деп есептейді.
«Бүгін өңірлерді осы олқылықтың орнын толтырып, мәселені тез арада шешу үшін тағы да қажетті қаражатты табуға мәжбүрледі. Бірақ сол аймақтардың өздерінен бұл ақшаны қайдан алғанын сұрайықшы. Ертең тағы да жергілікті атқарушы органдар кінәлі болып шығады және осы тетіктердің барлығы бір проблемадан екіншісіне ұласады. Бұл жерде Оқу-ағарту министрлігі жақсы болып қалғысы келетінін түсінемін. Бірақ бұл жергілікті атқарушы органдардың жұмысын дұрыс атқармағанынан орын алды деу дұрыс емес. Министрліктің жіберілген қателіктер мен орын алған мәселені мойындағысы келмеуі үнемі бюджет қаражатының тапшылығына алып келді», деп толықтырды халық қалаулысы.
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті - Тоқаев
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі диалогына қатысты
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • 24 Маусым, 2022
Қостанайда VII «Бұқаралық спорт Олимпиадасы» аяқталды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Өзбекстан Түркі академиясы ұйымына бақылаушы мәртебесін алды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Мәулен Әшімбаев: Реформалардың басты мақсаты – әділетті Қазақстан құру
Парламент • 24 Маусым, 2022
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Парламент • 24 Маусым, 2022
Америкада қоғамдық орында қару ұстауға рұқсат берілді
Әлем • 24 Маусым, 2022
Флоридада су астына сүңгу кезінде екі адам қайтыс болды
Әлем • 24 Маусым, 2022
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • 24 Маусым, 2022
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • 24 Маусым, 2022
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • 24 Маусым, 2022
72 жастағы қария Ұлытаудан Павлодарға дейін жаяу жүрген
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Жеті жасар қазақстандық шахматшы ФИДЕ-нің әлем чемпионы атанды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар