Қоғам • 28 Маусым, 2022

Мемлекеттік қызметтер мобильді қосымша арқылы жиі алынады

631 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин EGov Mobile мобильдік қосымшасында электронды қызметтерді пайдалану екі есе өскенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекеттік қызметтер мобильді қосымша арқылы жиі алынады

«Бүгінде электронды қызметтер саны бойынша, оң өзгерісті байқап отырмыз. Сонымен қатар EGov Mobile мобильдік қосымшасында да электронды қызметтерді пайдалану екі есеге өскен. Бұдан бөлек, цифрлық сервистер азаматтар арасында кең сұранысқа ие. Мәселен, цифрлық құжаттар осы жылдың 5 айында 6 млн-нан астам валидациялағанын атап өткен жөн. Жалпы бұл меморогандар мен мекемелердің цифрлық құжаттарды кеңінен қолдануын айғақтайды», деді Бағдат Мусин Үкімет отырысында.

Ведомство басшысының айтуынша, қазір азаматтарға 18 құжат өзге цифрлық платформаларда қолжетімді. Осы жылдың соңына дейін ең танымал 20 мемлекеттік қызметті сыртқы платформаларға шығару жоспарланған.

«Сондай-ақ SMS арқылы заңсыз тіркелу мәселесін шештік. Байланыс орталығының күту уақытын 5 минуттан 20 секундқа дейін қысқарттық. Азаматтарды құжаттандыру бойынша адами факторсыз ұсынылатын, жаңа перспективалық жобаны іске асырудамыз. Егер бүгінгі таңда орташа есеппен 20-30 минут кетсе, терминалдарды орнатқан соң процесс 5-10 минутқа дейін қысқарады», деді Бағдат  Мусин.

Айта кетсек, «Видео ХҚО» жобасы азаматтарға кеңес алудан бөлек, ЦОН-ға жүгінбей-ақ қызметті қашықтан алуға мүмкіндік береді. Осы тәсіл арқылы 13 қызмет қолжетімді, ал жыл соңына дейін 63 қызметке дейін өседі. «Осыған орай, меморгандармен бірлесіп, 2025 жылға дейін азаматтарға консультация және қызмет көрсетуді осы «Видео ХҚО» тәсілі арқылы ұсынуды жоспарлап отырмыз», деді Цифрлық даму министрі.

Соңғы жаңалықтар

Серіктестік құқы қорғалды

Инвестиция • Кеше

Тұмаудан амансыз ба?

Денсаулық • Кеше

«Cyberpol»-ға жұмыс көп

Құқық • Кеше