Қазақстан • 15 Шілде, 2022

Бағдат Мусин сынға түскен «Зерде» холдингін жабуды ұсынды

321 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет отырысында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин «Зерде» холдингін реформалау бірінші жартыжылдықта басталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Бағдат Мусин сынға түскен «Зерде» холдингін жабуды ұсынды

«Зерде» тобын реформалау осы жылдың бірінші жартыжылдығында басталды. Атап айтқанда, жүйелік интегратордың функциялары «Цифрлық үкіметті қолдау орталығы» РМК-ға берілді», деді Бағдат Мусин.

Оның айтуынша, инновацияларды дамыту бойынша бірыңғай экожүйені құру үшін «ИТП», «Astana Hub» ДКҚ және «QazInnovations» инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ біріктіру ұсынылады.

«Одан әрі шара ретінде «Зерде» холдингін «ҰАТ» АҚ-ға тікелей цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қарамағына бере отырып, тарату ұсынылады», деді ведомство басшысы.

Министр бұл процесс барысында холдинг жобаларды іске асыру бойынша тиісті материалдарды құзыретті органдар зерттейтінін айтты.

Еске сала кетсек, кеше Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  Бағдат Мусинге есеп комитеті сынға алған «Зерде» ұлттық холдингін реформалау жөніндегі нашар жұмысы үшін ескерту жасаған еді.