Таным • 07 Тамыз, 2022

Сақ дәуірінің тасы

302 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен елордадағы Ұлттық музей жанынан құрылған Рухани мұраны ғылыми-зерттеу институты «Қазақтың дәстүрлі мәдениеті» бөлімінің қызметкерлері облыс аума­ғына ғылыми-зерттеу экспедициясын жүргізіп, нәти­жесінде сақ дәуіріне тән құрбандық тасын тапты.

Сақ дәуірінің тасы

Бұл тасты Жарқайың ауда­­­н­ының тұрғыны Леонид Долинин деген азамат 2000 жылы Шойындыкөл ауылы аума­ғында орналасқан ескі қо­рым­нан тауып алған екен. Ма­мандар дөңгелек пішінді, бір жақ шетінде қайырылған қошқар мүйізі қашалып өрнек­телген бұл жәдігерді б.з.д. III-II ғасырға тиесілі дейді. Яғ­ни сол кездегі ха­лықтың та­ным-түсінігінде қош­қар бей­несі тотемдік симво­лика-
лық ма­ңызға ие болғаны анық.

Ежелгі дәстүрлерге тән құр­­бандық шалу, тәңірге жалбарыну сияқты түрлі мінә­жаттар­ды орындауды бейне­лейтін мұн­дай құрбандық тас­тары сирек кездесетін әрі құнды жәдігер екені белгілі.

Зерттеуші К.Ф.Смирнов­тың пайымдауынша, мұндай құр­бандық тастары молалар ішінен табы­луы діни ғұрыптық жағ­дайларға байланысты дейді. Бүгінгі таңда еліміз бойынша мұндай құрбандық тастарының 40-қа жуық түрі белгілі болса, оның 10-нан астамы Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан облыс­тарының музейінде сақ­таулы тұр.

Осы орайда, жоғарыда айт­қанымыздай, Ақмола облысы аумағынан мәдени-рухани мұраларды жинап, зерттеуді мақсат еткен экспедиция мүше­лері Жарқайың, Сандықтау, Атбасар, Ерейментау, Жақсы және Есіл аудандарын аралап, ел ішіндегі құндылықтармен танысумен қатар, өлке тарихы­нан хабары бар көнекөз ақса­қалдарымен де жүздесуде.