Білім • 12 Тамыз, 2022

СҚО мектептерінде 600-ге жуық бос орын бар

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысының білім беру ұйымдарында 600-ге жуық бос орын бар, деп хабарлайды Egemen.kz.

СҚО мектептерінде 600-ге жуық бос орын бар

Білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, мұғалімдердің зейнеткерлікке шығуына байланысты бос орындар пайда болды. Оқу жылының қорытындысы бойынша облыс мектептерінде зейнет жасындағы 418 мұғалім жұмыс істеді.

«400-ден астам жас маманды қабылдау жоспарлануда. Оның 75 пайызы ауылды жерге барады. 1 қыркүйектен бастап облыс әкімінің гранты есебінен білім алған 36 түлек жұмысқа кіріседі. Келісімшартқа сәйкес, олар облыстағы білім беру ұйымдарында кемінде үш жыл жұмыс істеуі керек. 472 мектептің 75 пайызы шағын мектеп. Бұл жерде сабақтас пәндер (химия-биология, физика-математика, математика-информатика және т.б.) бойынша біліктілігі бар оқытушылар қажет», делінген баспасөз қызметінде.

Сондай-ақ ауыл мектептеріне жұмысқа келген жас мамандар 100 АЕК (300 мың теңгеден астам) көлемінде көтерме жәрдемақы және 1500 АЕК (4,7 млн астам) көлемінде тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие ала алады.