Үкімет • 27 Тамыз, 2022

Дизель отынына қатысты шағымдар үшін жедел желі іске қосылды

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Энергетика министрлігі мен жанар-жағармай құю станциялары желілерінде дизель отыны мәселесі бойынша азаматтардың арыз-шағымдары мен өтініштерін қабылдауға арналған сенім телефоны іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дизель отынына қатысты шағымдар үшін жедел желі іске қосылды

Клиенттерді қолдауға арналған жедел желі стационарлық және мобильді нөмірлер бойынша, сондай-ақ танымал мессенджерлерде қолжетімді болады.

Call-center:

  • Қалалық: +7 (7172) 78-69-55
  • Ұялы байланыс: +7 (708) 812-02-31
  • Telegram / WhatsApp: +7 (708) 812-02-31

«Орталық мемлекеттік органның кері байланысының бұл түрі азаматтарға елдегі жанармай құю станцияларындағы заңбұзушылықтар туралы ҚР Энергетика министрлігіне жедел хабарлауға мүмкіндік береді. Энергетика министрлігінің жедел желісіне оператор бекітілді, ол келіп түскен өтініштерді бақылап, талдап отырады. Азаматтардан алынған ақпараттың дұрыстығы тексерілгеннен кейін негізсіз әрекеттер мен заңбұзушылықтардың барлық дерегі тиісті шара қолдану үшін құзыретті мемлекеттік органдарға беріледі.

Болжамдар мен қауесет болдыртпау үшін біз азаматтарды АЖҚС тарапынан заңбұзушылықтар немесе заңсыз құю фактілері туралы «жедел желіге» хабарлауға және көмек көрсетуге шақырамыз», делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, ведомство еліміздің ірі АЖҚС-тарындағы «жедел желілер» бойынша қосымша деректерді ұсынды.

Qazaq Oil және ҚазМұнайГаз:

  • Call-center: 9911
  • Telegram / WhatsApp: +7 (771) 046-46-46
  • Instagram: azs_qazaq_oil

Sinooil:

  • Call-center: 8-800-070-01-80
  • Instagram: sinooil.kz

Helios:

  • Қолдау орталығы: 8-800-080-5444
  • Telegram / WhatsApp: +7 (777) 708-00-39
  • Instagram: helios_kz
  • Қалалық телефондар үшін: helios.kz/kontakty

Газпромнефть:

  • Call-center: 8-800-080-10-08
  • Instagram: gazpromneft_kz

 

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50