200-ге жуық бала тәрбиелейтін орталықтың негізгі мақсаты – аутизммен ілісе жүретін жетіспеушіліктер мен отбасындағы қысымды төмендету, өмір сапасы мен функционалды тәуелсіздігін жоғарылату. Ондағы мамандар емдеудің бірыңғай оптималды әдісі жоқ, ол тек жекелей таңдалып, ұзақ арнайы білім беру мен мінез-құлықтық емдеу бағдарламалары арқылы балаға ерте кезден көмек көрсету, қарым-қатынас арқылы жұмыс дағдыларын алуға жағдай жасау, жұмыс деңгейін жоғарылататынын алға тартады. Сондай-ақ симптомдар мен бейімделмеген мінез-құлық қиындықты төмендеткенімен, балаға 3 жас шамасында көмек көрсетудің аса маңыздылығы туралы хабарламалар дәлелдемелермен бекітілмеген.
Бұл тұрғыда аталған орталықтың АВА-терапия маманы Айгерім Темір: «Аутизмді түзетудің бірқатар әдісі бар: АВА терапия, арт терапия, йога кабинеті. АВА-терапия бұл – мінез-құлық технологиялары мен оқыту әдістеріне негізделген қарқынды оқыту бағдарламасы. АВА ғылыми тұрғыда адамның мінез-құлқын өзгерту үшін, мінез-құлыққа қоршаған орта факторларының әсерін зерттей отырып, осы факторлармен әрекет етеді. АВА-ның соңғы мақсаты – балаға қоршаған әлемді өз бетінше танып-білуге жағдай жасау. Ал арт-терапия негізгі әдіс немесе көмекші әдіс ретінде қолданыла алады», дейді.
Иә, дімкәс баланың өмірге келуі бірінші кезекте отбасын психологиялық өзгерістерге алып келетіні рас. Ауытқушылығы бар баланың отбасында алғашқы күннен бастап ата-анасының ұнжырғасы түсіп, күйзеліске тап болады. Ата-аналарының қоршаған ортамен қарым-қатынасы үзіледі, байланыс аясы тек туыстары, дәрігер, мұғалімдермен ғана шектеледі. Баланың мінез-құлқындағы, тәртібіндегі әртүрлі өзгерістер ата-ананың көңіл күйіне қатты әсер етіп, мазасыздық туғызады. Сол себепті отбасындағы өзара қарым-қатынастар бұзылады әрі қиындыққа тіреледі. Мұндай балаларды тәрбиелеуде ата-аналарға педагогтердің, арнайы мамандардың көмегі қажет екені даусыз. Баланың өз-өзіне қызмет көрсетуі, дұрыс шешім қабылдай алудағы батылдығы, тәртіп пен мәдениет жайындағы білімдерінің негізі алдымен отбасында қаланады.
Бастысы, бала жағдайының барлық ауырлығын кенеттен ұғыну, аутизмі бар балаларға қандай да бір көмек жүйесінің болмауы, аутист баланың отбасы тіпті жақындарының да адамгершілік қолдауынан айырылуы, балаға деген аса тәуелділігі үшін анасының уақыты мен жеке бостандығының шамадан тыс шектеулігі және ата-аналарына жеткілікті түрде эмоционалды әсер бермеуі аутизмнің объективті себептері екенін ұмытпауымыз керек.
Уәлихан ЖАЙЛАУ