Қазақстан • 13 Қыркүйек, 2022

Дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезіне кімдер қатысады?

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қазақстанға мемлекеттік сапармен Ватикан мен Католик шіркеуінің басшысы, Рим Папасы Франциск келеді. Рим Папасы Съезге тұңғыш рет қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезіне кімдер қатысады?

Парламент Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының Басшысы Мәулен Әшімбаев маңызды оқиғаға кімдер қатысатынын айтты.

«Сондай-ақ Съезге Жоғарғы имам Әл-Азһар, Шейх Ахмед Ат-Тайеб, Ресей, Израиль, Қытай, Үндістан, АҚШ, Моңғолия, Еуропа, Орталық Азия, Кавказ және басқа елдер мен өңірлерден келген басқа да беделді қатысушыларды үлкен ықыласпен күтеміз», деді Мәулен Әшімбаев өз сөзінде.

Жалпы форумға әлемнің 50 елінен 100-ге жуық делегация қатысады деп күтілуде.

«Біздің алаңға қатысушылардың сандық және ең бастысы, сапалық құрамының өсуі біздің Съезіміздің рөлі артып, халықаралық мәртебесі нығая түскенін айғақтайды. Осының бәрі біздің Съезіміздің дінаралық және өркениетаралық диалогтың әмбебап жаһандық алаңына айналғанын айтуға негіз береді», деді Съез Хатшылығының Басшысы.