Үкімет • 13 Қыркүйек, 2022

Бағдат Мусин ақпараттық жүйенің істен шығу себебін түсіндірді

209 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин электрондық үкімет инфрақұрылымында ақпараттық жүйенің неліктен істен шыққанын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бағдат Мусин ақпараттық жүйенің істен шығу себебін түсіндірді

Бұл мәселені Премьер-Министр Әлихан Смайылов көтерді. Ол 3 тамызда ақпараттық жүйе істен шығып, электрондық үкімет жұмысын бір тәуліктен астам уақытқа тоқтатқанын еске салды.

Осыған байланысты ол ЦДИАӨМ басшысынан ақпараттық жүйелердің үздіксіздігі бойынша қандай шаралар қабылданып жатқанын сұрады.

«Біз бұл мәселені тексеріп, талдадық. Бұл мәселе бірқатар ақпараттық жүйелердің істен шығуына байланысты орын алды. Сағат 14:00-де бірқатар жүйелердің жұмысы қалпына келтірілді», деді Бағдат Мусин Үкімет басшысының сұрағына жауап бере отырып.

Министрдің айтуынша, электрондық үкіметтің  жұмысын тұрақты қамтамасыз ету үшін 2023 жылы деректерді өңдеу орталықтарының тәуелсіз инфрақұрылымын, негізгі және резервтік деректерді өңдеу орталығын құру жоспарлануда.

Еске салсақ, 3 тамызда «ҰАТ» АҚ серверлік орталығындағы іркіліске байланысты еліміздің ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-ларында келушілерді қабылдау уақытша тоқтатылғаны хабарланған еді.