Осы ретте бұл съездің қызметі діни негізде туындаған өткір мәселелерді бірлесе талқылауға және шешуге, түрлі халықтардың діндері мен мәдениеттерінің диалогіне, діни толеранттық рухын нығайтуға және тәжірибе алмасуға, бейбіт діндердің оң имиджін қалыптастыруға мүмкіндіктер береді.
Татулығы жарасқан, ауызбірлігі мен достастығы үйлесім тапқан ел бір арнаға түйісіп, тілек-армандары орындалып, бақытты қоғам болып бейғам өмір кешетіні ежелден белгілі. Съездегі ұсыныс-пікірлер, ортақ шешімдер алауыздыққа емес барлық әлем халқын бірлікке, ынтымаққа, тыныштыққа шақырады. Діні қуатты елдің іргесі мығым. Жаһандану заманында халықтардың тату-тәтті ынтымақ-бірлікте ғұмыр кешудің басты жолы – өзара құрмет пен сыйластық. Ал өзара сүйіспеншілікте болудың жолы баянды қарым-қатынаста жатыр. Съезд алаңында наным-сенімі әртүрлі дін өкілдері бейбітшілікті өз дүниетанымымен қабылдай отырып, бірліктің жарқын үлгісін жалғауға атсалысты.
Геосаяси және геоэкономикалық факторлар мен жаһандық қауіпсіздік жүйесінің бұзылуы салдарынан халықаралық шиеленіс ушыққаны белгілі. Рухани көшбасшылардың басты міндеті – құндылықтардың дұрыс жүйесін қалыптастыру және адамдарды бейбітшілік, адамгершілік, қоғамдық келісім сияқты идеялар аясына топтастыру. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің негізгі мақсаты да осы.
Дэвид ЛАУ,
Израильдің Бас ашкенази раввині