
Атап айтқанда, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жамбыл облысының солтүстігінде және таулы аймақтарында 1-3 градус үсік жүреді.
Астанада көшпелі бұлт шығады, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 5-7 аяз, күндіз 4-6 жылы болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Желдің екпіні секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 10-12 жылы болады.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 20-22 жылы.