Қазақстан • 04 Қазан, 2022

Кибершабуылға кім жауап береді: Мусиннің жауабы

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бағдат Мусин мемлекеттік ақпараттық ресурстарға жасалатын кибершабуылдардың ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қатысы жоғын айтты, деп жазады Egemen.kz.

Кибершабуылға кім жауап береді: Мусиннің жауабы

 

Бағдат Мусин бұл сала бойынша өзі басқаратын министрлік тек заң мен стандарттар жазатынын, ал кибершабуыл мен қорғанысқа арналған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы мемлекеттік ұйымы бар екенін жеткізді.

«Ол – Мемлекеттік техникалық қызмет. Біз жалпы заң талаптарын және басқа да талаптарды бекітеміз, олар сол бойынша жұмыс істейді. Қазір елдегі интернет жүйелеріне ауыртпашылық түсті, оның жылдамдығы баяулады. Мемлекеттік техникалық қызмет әрі қарай жұмыстарын жалғастыруда»,  деді министр.  

Сондай-ақ Мусин ақпараттық қауіпсіздік – күрделі мәселелердің біріне айналғанын атап өтті.

«Дүниежүзінде түрлі мемлекеттік ұйымдар күн сайын кибершабуылдарға тойтарыс береді. Жаңа интернет дәуірі келді. Интернет экономикаға жаңа тәсілдер, жаңа мүмкіндіктер береді, сонымен қатар қауіпсіздік жағынан да жетілдіруді қажет етеді», деді ол.

Еске салайық, кейінгі күндері мемлекеттік органдардың интернет ресурстарына толассыз кибершабуыл жасалып жатыр.