Саясат • 28 Қазан, 2022

Отандық бизнес мүддесі талқыланды

77 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Өзбекстан Премьер-Министрінің орынбасары – инвестициялар және сыртқы сауда министрі Жамшид Ходжаевпен және Премьер-Министрдің орынбасары – энергетика министрі Журабек Мырзамахмудовпен келіссөздер жүргізіп, ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Отандық бизнес мүддесі талқыланды

Соңғы 9 жыл бойы талқыланып келе жатқан мәселе – Өзбекстанның 1993 жылғы өзара саудада тауарлардың шығару ережелерін қолдануы бойынша оң шешім қабылданды. Тауарлардың шығарылған елін анықтаудың бірыңғай тәртібі ТМД-дағы еркін сауда және тауар айналымы режімінің тиімді әрекет етуі үшін қажет.

Өзбекстан прези­денті Шавкат Мирзиеев 2022 жылғы 14 қазанда Қазақстанда өткен ТМД мемле­кеттері басшылары кеңесінің отырысын­да бірыңғай тәртіпке қосылу туралы түбе­гейлі келісімді жариялады. Кезде­суде айтылған өзбек тарапының мәліме­тінше, бұл мәселе 2022 жылдың соңына дейін пысықталатын болады.

Сонымен қатар өзбек тарапы Өзбек­станда импортталатын және өндірілетін алкоголь мен темекі өнімдеріне акциз мөл­шер­лемесін кезең-кезеңімен 2025 жылға дейін теңестіру жұмыстарын жүргізетін болады.

Көптеген мәселе бойынша оң шешім қабылданды:

- Қазақстанның мал азықтық дақыл­дарының, жемшөптің, жұмыртқаның тран­зитіне рұқсат беру мерзімін қысқарту. Бұл мәселе бұған дейін «Атамекен» ҰКП алаңында көтерілген болатын.

- Өзбекстан тарапынан маман­дан­дырылған компаниялар арқылы қазақ­стандық картопты экспорттауды жүзеге асыру. С.Жұманғариннің айтуынша, Қа­зақ­стан өркениетті жағдайда 500 мың тон­наға дейін картоп экспорттауға дайын.

- Өзбекстанға қазақстандық алманы жеткізу тәртібін жеңілдету. Жауапты ведомстволар фитосанитарлық құжаттама бо­йынша электрондық жүйелерді интеграциялау мәселесін пысықтайды. Бұдан басқа, Өзбекстан өзінің фискалдық орган­дарының шығарылған елі – Қазақстанды растайтын құжаттар болған жағдайда Қазақстаннан әкелінетін өнімнің құны бо­йынша талаптардың қолайсыздығы туралы ереженің орындалуын бақылауға алады.

- Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қазіргі және жаңа бағыттар бойынша әуе рейс­терінің санын көбейту, қазақстандық та­рап үшін жаңа бағыт ретінде Ферғана, Бұха­ра, Қарши қалаларын қосуды пысық­тау.

Кездесуге қатысушылар мемлекеттік сатып алуларға өзара қатысу, энергетика, Қазақстанда дәрілік заттарды тіркеуді жеңілдету мәселелерін талқылап, өзара түсіністікке келді, «Орталық Азия» халық­аралық өнеркәсіптік кооперация орталы­ғының жобасын іске асыруда одан әрі па­йымдауды пысықтады.