«Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды», делінген хабарламада.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Алтай Ибрагимұлы Әбибуллаев Қазақстан Республикасының Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.