Пікір • 04 Қараша, 2022

Кешірім – халық қалауы

161 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2 қарашада «Рақымшылық туралы» заң күшіне енді. Бұл құжаттың қабылдану себептерін ескерсек, еліміз үшін шын мәнінде тарихи маңызы барын аңғаруға болады. Қайғылы қаңтар оқиғасының құрбандары ақталып, түрлі деңгейде қылмыс жасағандар рақымшылыққа ілігеді.

Кешірім – халық қалауы

Қаңтар оқиғасына көбінесе «атой­лаған­дардың желеуіне» еріп, тәртіпсіздікті ұйым­дасты­ру­шылардың шын ниетін бірден түсін­беген немесе өздерінің заң­сыз әрекеттерінің зардабын бағамдай алмаған азамат­тарымыз қатысты. Осындай оқиға­лар­дың қасіреті мемлекетіміздің ең жоға­ры құндылықтары – оның егемендігі, тұтас­тығы, конституциялық құқығы мен қоғамдық қауіпсіздігіне қауіп төндіріп, елдің бірлігіне іріткі салды.

Қазіргі уақытта жаппай тәртіп­сіз­діктерге қатысушылардың (ұйым­дас­ты­ру­шыларды есептемегенде) саны 1 600 адамға жетіп отыр. Оның ішінде 1 500 адам рақымшылыққа ілінген. Рақымшылық заңы тек 4-7 қаңтар аралығында өткен жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан, сол жерде болып тұтқындалған азаматтарды қамтиды.

Бір ескеретін нәрсе – рақым­шылыққа іліккен қылмыстық істердің барлығы толық ақталуға жатқызылмайды. Рақым­шы­лық жасау адамды ақтамайды және оны заң тұрғысынан ақтай алмайды, оның мақсаты – жазадан босату немесе оның мерзімін қыс­қарту.

Заң нормаларына сәйкес, қыл­мыстық істерді тек ауыр емес қылмыстар немесе ауыр емес және орташа ауырлықтағы қыл­­мыстар жасаған адамдарға қа­тыс­ты ғана емес, сонымен қатар ауыр қылмыстар үшін жазаны 3/4-ке қысқарту көзделіп отыр. Сонымен қатар егер соттал­ған­ның жазасын өтеуге бір жылдан ас­пайтын уақыт қалса, жаза мер­зі­мі өтелмеген барлық мер­зім­ге қысқартылады.

«Рақымшылық жасау туралы» заңның адамгершілік тұрғысынан да маңызы зор. Мәселен, Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар мекемелерден босатылғандарды жұ­мыс­қа тұрғызу, тұрақты тұр­ғы­лықты жері жоқтарды арнайы орталықтарға орналастыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға әлеу­меттік және өзге де көмек көрсету жөніндегі іс-шара­лар­ды жүзеге асыруға мін­детті.

Рақымшылық актісі қоға­мы­мызды біріктіру мақсатында Әдлетті Қазақстанның болашағы үшін қабылданды.

 

Индира ӘУБӘКІРОВА,

М.Нәрікбаев атындағы ҚазМЗУ профессоры,

заң ғылымдарының докторы

Соңғы жаңалықтар

«Сары тентек» сарыны

Әдебиет • Кеше

Ұлытау ұлары

Тұлға • Кеше

Тағдыр тәпсірлері

Әдебиет • Кеше

«Хат қоржын»

Егемен Қазақстан • Кеше

Абай тапсырған асатаяқ

Жәдігер • Кеше