Қазақстан • 16 Қараша, 2022

Мемлекеттік қызметтердің 90%-ы цифрландырылады

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алдағы жеті жылда мемлекеттік қызметтердің 90%-ы проактивті форматта көрсетіледі Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Стратегиялық бастамалар форумында сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекеттік қызметтердің 90%-ы цифрландырылады

«Цифрлы Қазақстанның болашағы туралы айтатын болсақ, цифрлық технологияларды енгізу барысында ең бастысы адамдардың өздеріне бағдарлану қажет. Біздің цифрлық Үкімет ретіндегі міндетіміз - бүкіл Үкіметтің адамға бет бұруын және әлдеқайда тиімді болуын қамтамасыз ету. Яғни, кез келген адам смартфон арқылы қажетті қызметтерге қол жеткізуі керек», деді Бағдат Мусин форум барысында.

Министрдің айтуынша, цифрлық технологиялар күнделікті өмірге неғұрлым көп енсе, Үкімет қабылдаған шешімдер соғұрлым тиімді болады.

«Шамамен жеті жылдан кейін мемлекеттік қызметтердің 90%-ы проактивті форматта көрсетіледі. Сонда мемлекет қандай да бір пайымдаулар негізінде емес, мемлекеттік және мемлекеттік емес деректер базалары арқылы жиналған деректер негізінде шешім шығарады», деп түсіндірді Б. Мусин.