Алматы қаласында 2-4 желтоқсан аралығында «Сөз – жастарға. Жастар туралы сөз» тақырыбымен жазушылар мен публицистердің үшінші Халықаралық форумы өтеді. Жас әдебиетшілер мен публицистердің кәсіби деңгейін көтеруге арналған халықаралық әдеби басқосудың ұйымдастырушысы Қазақ ПЕН-клубы қоғамдық бірлестігі Алматыға әлемнің әртүрлі елдерінен әдебиет пен публицистиканың әр жанры бойынша семинар жүргізуге белгілі жазушылар мен публицистердің шақырылып отырғанын хабарлады. Форумға 12 елдің белгілі қаламгерлері және Қазақстанның 40-43 жас жазушысы мен публицисі қатысады.

Қазақ әдебиетін шетелге насихаттау, әлем әдебиетінің күрделі проблемалары бойынша пікір алмасу және қазақ жазушылары мен публицистерінің шетел әріптестерімен шығармашылық байланысын нығайту, жас жазушылар мен публицистердің шығармашылық проблемаларын талқылау, шетел жазушыларының қазақ әдебиетіне деген ықыласын арттыру – форум көтерер басты тақырыпқа айналмақ.
Алғашқы кітабын шығару оңай болмаған өткен кезеңмен салыстырғанда, шығармашылық еркіндікке қол жеткізген бүгінгі әдебиетте сырт қарағанда көп қиындық жоқ секілді қабылданады. Бірақ әр кезең жас қаламгерге өз қиындығын таңады. Сондықтан ұйымдастырушылар халықаралық ауқымды форумның алаңы әдебиеттегі бүгінгі жас қаламгерлердің тұтас шынайы бейнесін олардың шығармалары арқылы танудың таптырмас мүмкіндігі деп отыр. Қазақ ПЕН-клубы форум жұмысына қатысуға талантты жастар санатынан (жасы 40-тан аспаған) 40-43 қазақ жазушысын іріктеп алды, олар өз жұмыстарын ұйымдастыру комитетіне алдын ала тапсырған. Тапсырылған жұмыстардың біразы аударылып, семинар жетекшілеріне жіберілді. Семинар жетекшілерінің санатында Қазақстанның алты белгілі жазушысы бар.
Үшінші Халықаралық форумның жұмысы «Жас авторларға қолдау көрсету: іздеу, кәсіби дамыту. Ілгері дамыту» атты мәселені қаузайтын пленарлық отырыспен басталып, мұнда жас жазушылардың баяндамасы тыңдалады. Ал «Әдеби білім: проблемалар, шешім, ұсыныстар» атты дөңгелек үстелде бүгінгі поэзия, проза, публицистикадағы ортақ мәселелер безбенделеді. Сондай-ақ семинар жетекшілері мен меймандар диспут жүргізушілері ретінде шағын шоғырға бөлініп, жастар шығармашылығын бірлесе талқылайды. Бұл күні Б.Кенжеев, В.Карцев, Е.Абдуллаев, Э.Гер, М.Шевченко және басқалар шеберлік сабақтарын өткізеді.
Жазушылар мен публицистердің үшінші Халықаралық форумын ұйымдастыру комитетінің жетекшісі, Қазақ ПЕН-клубы президенті Бигелді Ғабдуллин: «Осымен үшінші рет Қазақ ПЕН-клубы осындай ауқымды форум өткізгелі отыр. Бұған дейінгі форумдарда қазіргі әдебиеттің ең күрделі мәселелері жөнінде әңгіме қозғалды.
«Жастар туралы сөз. Жастарға – сөз» басқосуының модераторлары болып Бигелді Ғабдуллин, Бақыт Кенжеев және Жүсіпбек Қорғасбек бекітіліп отыр. Форумның соңғы отырысынан кейін әртүрлі аталымдар бойынша үздік жұмыстардың қорытындысы хабарланады. Жас жазушылар мен публицистердің шығармашылығына арналған келелі кеңестің мазмұнды әрі пайдалы болатынына қазірден сенім мол. Аса маңызды әдеби жиынның басты назарын жастар шығармашылығына аударып отырудағы мақсат та сол – өз елінің насихатшысы болып отырған қаламгерді уақытқа лайық даярлау.
АЛМАТЫ
Риддер тұрғыны 2 жасар баласын балконнан құлатып алды
Аймақтар • Кеше
Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Әскери қызметші қарт кісіні өрттен құтқарып қалды
Қоғам • Кеше
Қазақстан мен Мажарстан екіжақты ынтымақтастықты нығайтады
Экономика • Кеше
Ақтөбеде қарда жүретін көлік бір топ адамды қағып кетті
Аймақтар • Кеше
5375 адам шетелден әкелінген көлігін сәтті заңдастырды
Қазақстан • Кеше
Атырау облысында жол апатынан жолаушы қайтыс болды
Аймақтар • Кеше
Өзбекстан азаматынан психотроптық заттар тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Су тасқынына дайындық жөніндегі үкіметтік комиссия құрылды
Қазақстан • Кеше
Елімізде ет консервілерінің өндірісі артты
Экономика • Кеше
Таразда 19 жастағы қыз биік ғимараттан секіріп кетті
Аймақтар • Кеше
Қазақстан-Қытай шекарасында электронды кезек енгізілді
Қазақстан • Кеше
Павлодарда автобус пен екі автокөлік соқтығысты
Аймақтар • Кеше
Елордада газель автокөлігі жанып кетті
Елорда • Кеше
Елена Рыбакина Арина Соболенкомен кездеседі
Спорт • Кеше
Астаналық тұрғын ХҚКО-ның бірінен телефон ұрлады
Елорда • Кеше
Коронавирус жұқтырған 6 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Кеше
Орман шаруашылығы комитетінің лауазымды тұлғалары ұсталды
ANTIKOR • Кеше
ШҚО-да алып бала дүниеге келді
Аймақтар • 27 Қаңтар, 2023
«Барыс» клубы «Тракторды» жеңіп, плей-оффқа өтті
Теннис • 27 Қаңтар, 2023
Бокстан АЧ: Әскер боксшылары «алтын» және «қола» жүлде алды
Бокс • 27 Қаңтар, 2023
Сенатта мүгедектігі бар адамдардың ақпаратқа қол жеткізу мәселелері талқыланды
Қоғам • 27 Қаңтар, 2023
Жеті өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • 27 Қаңтар, 2023
Альбина Кәкенова Аустралиядағы турнирдің финалисі атанды
Теннис • 27 Қаңтар, 2023
Алматыда жасөспірім қыз жол апатынан қаза тапты
Оқиға • 27 Қаңтар, 2023
СҚО-да «Аңсаған сәби» бағдарламасына 190 квота бөлінді
Қоғам • 27 Қаңтар, 2023
«ҚазМұнайГаз» шетелдік активтерінің тиімділігін арттырады
Қоғам • 27 Қаңтар, 2023
Ұқсас жаңалықтар