Еліміздің барлық аймағындағы Халықты жұмыспен қамту орталықтары жыл сайын бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастыруды дағдыға айналдырғалы қашан. Себебі жәрмеңкеде жұмыс беруші мен жұмысшы бәзбіреудің нұсқауынсыз тікелей жүздесіп, кеңесіп, бірер күнде-ақ еңбек шартын жасаса болады. Жуырда Астана қаласындағы Жастар сарайында оныншы рет ұйымдастырылған жәрмеңкеде де осы тәртіппен 43 жұмыс беруші 669 бос жұмыс орнын ұсынды.

Нарықтағы жағдайға, қоғамның сұранысына қарай жыл сайын белгілі бір мамандықтарға сұраныс артатыны белгілі. Соған қарамастан бос жұмыс орындар жәрмеңкесінде аңғарғанымыз, жұмысшы мамандықтарға сұраныс еселеп артпаса, кемімейді. Бұған қоса жұмыс берушілер тәрбиеші, кассир, фармацевт, слесарь, есепші, сәулетші», инженер-жобалаушы, жүргізуші, сату жөніндегі менеджер, қаржы кеңесшісі, банк менеджері сынды мамандарды іздеп жүргенін білдік. Жәрмеңкенің тағы бір ерекшелігі, мүгедектігі бар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған ересек балаларға және пробация қызметінің есебінде тұрған және қылмыс жасап, жазасын өтеп келгендерге де жұмыс ұсынылды.
Астана қаласы әкімдігі Халықты жұмыспен қамту орталығының жұмыс берушілермен өзара байланыс бөлімінің басшысы Бақыт Рақышева бос жұмыс орындар жәрмеңкесін кең көлемде ұйымдастыру үшін алдымен ақпараттандыру жұмысына басымдық беру маңызды екенін айтты.
– Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі туралы біз алдын ала БАҚ құралдарында, әлеуметтік желіде, жергілікті әкімдік пен Халықты жұмыспен қамту орталығының ресми парақшаларында хабарландыру жарияладық. Қалада осыған дейін 9 мәрте жәрмеңке ұйымдастырылып, 480 жұмыссыз азамат жұмыс берушімен сұхбаттасуға барса, 276 адам өзіне қолайлы тұрақты жұмыс тапты. Әрине, осындай ауқымды іс-шарадан кейін Астана қаласы Жұмыспен қамту орталығының мамандары жұмыс беруші мен жұмыссыз азаматтарға хабарласып, жағдайды бағамдап отырады. Қай салада болсын өзінің ісін жетік білетін, шебер, талапты мамандарға сұраныс әр кез жоғары. Дегенмен қазір сауда саласында кассир, сатушы, маркетолог, сол секілді құрылыс саласында инженер, IT және техниканың тілін білетін мамандар тапшы. Тамыз айынан бері өткен әр жәрмеңкеге шамамен 200-ден 400 адамға дейін келетін. Бұл жолы да жәрмеңкеге келетін тұрғындардың үлесі осыған жетеғабыл болады деп отырмыз, – дейді ол.
Жәрмеңкеге «екі қолға бір күрек табылса» деген ниетпен келгендер әр жұмыс берушінің алдына барып сұхбаттасып, байланыс нөмірін сұрап ұзақ жүрді. Бұл күні қыз-келіншектердің басым көпшілігі 160 мың теңгеден жоғары еңбекақы ұсынатын жұмыс іздесе, ер азаматтар шамамен 200 мың теңге немесе одан жоғары жалақыға жұмыс істеуге дайын екенін байқатты. Осы мезетте біз Астана қаласы Полиция департаментінің Жедел қимылдайтын арнайы жасағына ер азаматтар іздеп жатқанын білдік. Әрине, арнайы жасаққа екінің бірі қабылданбайтыны түсінікті. Жұмысқа орналасуды көздегендерге құлаққағыс ретінде айтар болсақ, арнайы жасақтың құрамына оқу орнын тәмамдаған, әскери билеті бар, бойы 1,75 сантиметрден жоғары және денсаулығында кінәраты жоқ азаматтар қабылданады. Онда да үміткер 3 ай дайындық мерзімінен өтіп, өзін жақсы жағынан көрсетуге тиіс. Биыл тамыз айынан бергі жәрмеңкеде жедел қимылдайтын арнайы жасақтың құрамына 6 адам қабылданған.
Әр саладағы жұмыс беруші тәжірибелі мамандарды байқаса, жұмысқа күні ертең келуін өтінеді екен. Мысалы, бұрын коммуналдық қызмет саласында жұмыс істеген Айнұр Қайыргелді «Астанаэнергосбыт» ЖШС қызметкерлері жұмысқа шақырып отырғанын айтты.
– Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі туралы хабарландыруды әлеуметтік желіден оқып біліп келдім. Бұрын «Астана су арнасы» серіктестігінде мамандығым бойынша 10 жыл жұмыс істедім. Есепші мамандығын оқыған соң, бүгін «Астанаэнергосбыт» ЖШС және екінші деңгейлі банкке кеңесші болсам деп өтініш қалдырдым. Есеп-қисаппен бұрыннан айналысқан соң, ертең «Астанаэнергосбыт» мекемесіне 10.00-де баратын болып келістік. Жалақысы 160 мың теңге екен. Өзім әуелден бескүндік жұмыс болса екен деп едім, серіктестік өкілдері менің өтінішіме келісіп отыр, – дейді Айнұр.
Жәрмеңкеде «Астана Halal Food» асхана желісіне де бірнеше маман қажет екенін білдік. Қазірде асхананың Астана қаласы бойынша 5 нүктесі бар болса, енді желтоқсанда 6-шы асхана ашылады екен. Серіктестік қызметкерлері, жұмыстың тиімді, жалақысы көңілге қонымды екенін айтуда. Сондай-ақ жәрмеңкеде қонақүй ісіне де жұмысшылар қажет екенін білдік. Ізінше жәрмеңкеге Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Азамат Байтасов келген соң, қала тұрғындарын жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту жөнінде бірнеше сұрақтың жауабын анықтауға тырыстық.
– Қала тұрғындарын жұмыспен қамтуға арналған бірнеше бағдарлама бар. Жыл басынан орталыққа 26 мыңнан аса азамат жүгінсе, 23 мың тұрғын жұмыспен қамтудың белсенді шараларына жолданды. Оның ішінде 7 400 адам тұрақты жұмысқа орналасса, жастар тәжірибесіне – 900, қоғамдық жұмыстарға 2 600 азамат жолдама алды. Бұған қоса биыл кәсіптік бағдар беру бағдарламасы шеңберінде 9 500 мектеп оқушысы кәсіптік бағдар бойынша қызмет алады. Яғни осы арқылы оқушылар қандай мамандыққа бейім екенін біледі. Enbek.kz электронды еңбек биржасының да тиімділігі мол. Онда жұмыс беруші мен жұмысшылар тікелей байланыс орнатып отыр. Жұмыс беруші мен жұмысшы еңбек биржасына тіркеліп, жұмыспен қамту орталығына қайырылмай-ақ кездесе береді. Осындай еселі еңбектің нәтижесінде тұрғындардың цифрлық сауаттылығы артып келеді, – дейді орталық директоры.
Әрине, бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне бірнеше мәрте барып, өзіне қолайлы жұмыс таппай жүрген тұрғындар да жоқ емес. Мысалы, жәрмеңкеге екінші рет келген қала тұрғыны Манзура Қошымбек өзінің оң жамбасына келетін бірнеше жұмысқа түйіндеме қалдырыпты.
– Жәрмеңкеге бірер апта бұрын келгенмін. Өйткені әуелден мамандығыма сай есепшінің көмекшісі болып жұмысқа орналасуды көздеген едім. Қазір супермаркет, асханаларға кассир қажет екенін білдім. Мысалы, супермаркетте 15 күн жұмыс істеп, 15 күн демалсам, 140 мың теңге жалақы алады екенмін. Қазпошта мамандарына да 40 жастан асқанымды айттым. Олар жасыңызға қарамай байланыс операторы қызметіне жұмысқа аламыз деп отыр. Ал екінші деңгейлі банктердің тіршілігі қауырт болған соң, олар әдетте жастарды жұмысқа алады, – дейді қала тұрғыны.
Бұл күні Enbek.kz платформасына жұмыссыз ретінде тіркелген тұрғындар да жәрмеңкеге шақырылды. Неге десек, платформада Астана қаласы бойынша 1 153 жұмыс беруші 4 573 жұмыс орнын тіркеген. Оның арасында ерекше қабілетті жандарға, еңбекақысын күнделікті алуды ойлаған және егде жастағыларға қолайлы жұмыстар ұсынылған. Сондықтан жәрмеңкеде Халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары жұмыс іздеп жүрген қала тұрғындарына барынша кеңес берді. Себебі орталыққа жүгінген тұрғындарға мамандар үнемі хабарласып, жұмыс ұсынып отырады. Бір сөзбен айтқанда, орталық қызметкерлері 18 жастан асқан, тіпті зейнет жасына таяған тұрғындарға жұмыс тауып беруге қолдан келгенше жәрдемдеседі.
Қазақстан-Қытай шекарасында электронды кезек енгізілді
Қазақстан • Бүгін, 13:20
Павлодарда автобус пен екі автокөлік соқтығысты
Аймақтар • Бүгін, 13:04
Тимофей Скатов Чилидегі турнирдің жартылай финалына шықты
Спорт • Бүгін, 12:45
Елордада газель автокөлігі жанып кетті
Елорда • Бүгін, 12:18
Елена Рыбакина Арина Соболенкомен кездеседі
Спорт • Бүгін, 11:53
Астаналық тұрғын ХҚКО-ның бірінен телефон ұрлады
Елорда • Бүгін, 11:29
Коронавирус жұқтырған 6 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Бүгін, 10:55
Әлихан Смайылов Шымкентті жылумен жабдықтаудағы кемшіліктерді атады
Аймақтар • Бүгін, 10:17
Орман шаруашылығы комитетінің лауазымды тұлғалары ұсталды
ANTIKOR • Бүгін, 09:07
ШҚО-да алып бала дүниеге келді
Аймақтар • Кеше
«Барыс» клубы «Тракторды» жеңіп, плей-оффқа өтті
Теннис • Кеше
Жеті өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Альбина Кәкенова Аустралиядағы турнирдің финалисі атанды
Теннис • Кеше
Алматыда жасөспірім қыз жол апатынан қаза тапты
Оқиға • Кеше
Исламабадта Қазақстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастық талқыланды
Қазақстан • Кеше
Дархан Қыдырәлі LinkedIn компаниясының өкілімен кездесті
Қазақстан • Кеше
Қазақстан елшісі Болгария президентіне сенім грамоталарын табыстады
Қазақстан • Кеше
Президент теміржол инфрақұрылымын дамытуды тапсырды
Президент • Кеше
Қазақстан елшілігі Корея Кеден қызметінің наградасына ие болды
Қазақстан • Кеше
Лиссабонда Қазақстанда өтетін парламент сайлауы талқыланды
Қазақстан • Кеше
Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Елімізде 500 мыңға жуық бала ұшақпен тегін ұша алады
Қоғам • Кеше
Шымкентте 455 автокөлік айыптұраққа қойылды
Аймақтар • Кеше
TikTok-та Ақорданың ресми аккаунты пайда болды
Қоғам • Кеше
Қаржы • Кеше
Ирандағы Әзербайжан елшілігіне шабуыл жасалды
Әлем • Кеше
Өткен жылы Қазақстанға 610 мың шетелдік турист келген
Туризм • Кеше
Қостанай облысында жеке үй өртеніп, ана мен бала қайтыс болды
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар