Кейінгі жылдары мектептердегі орын тапшылығы көкейкесті мәселеге айналғаны белгілі. Әсіресе шағын аудандарда тұратын оқушылардың жайлы мектептерге жетуі қиындап кеткен еді. Осы олқылықтың орнын толтыру бағытындағы жұмыстардың бірі ретінде Алматы қаласының Наурызбай ауданындағы «Достық» шағын ауданында №208 және Алатау ауданындағы «Ботакөз-2» шағын ауданында №209 мектеп-гимназиясы ашылды.

Жаңа мектептердің ашылу салтанатында Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева қалалық әкімдік тарапынан мектеп салу ісінің жалғасып жатқанын жеткізді.
«Ішкі-сыртқы миграция, демографиялық ахуалды ескеретін болсақ, қалада оқушы саны жыл сайын 13-15 мың балаға көбейіп келеді. Бүгінде оңтүстік астанада 210 мемлекеттік мектеп жұмыс істейтін болса, оқушы орнының тапшылығы 29 мыңнан асады. Осы орайда келесі оқу жылынан бастап «Жайлы мектеп» жобасы жалғасын тауып, 22 мектеп салынады, 37 мыңнан аса оқушы орны ашылады. Бұған қоса 1000 мектеп жобасына орай 2025 жылға дейін 36 мектеп құрылысы жүргізіледі», деді Л.Жылқыбаева.
Білім басқармасы басшысының айтуынша, қаладағы үш ауысымды мектептер мәселесі толығымен шешілген. Жер телімдерінің тапшылығына байланысты орталық аудандарда жаңа мектеп салумен қатар жапсарлас құрылыстар салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы орайда биыл 5 ғимарат қолданысқа берілсе, жылдың аяғына дейін төртеуі іске қосылады. Сонымен қатар балаларды мектепке тасымалдау мәселесі де бірте-бірте шешіліп келеді. Ата-аналардың сұранысына байланысты 70-тен аса мектептен өтініш түскен. Қазіргі кезде «Томирис» шағын ауданындағы №205 мектепте қанатқақты жоба іске асуда. Қаржыландыру жағы шешілетін болса, қоғамдық көлік жүрмейтін аудандарда келер жылдың қаңтарынан бастап оқушыларды мектепке тасымалдау қолға алынады.
Жаңадан ашылған білім ошақтарында бір ауысымда 3 мыңға жуық оқушының білім алуы қарастырылған. Мұнда ерекше қажеттіліктері бар балаларға да қолайлы жағдайлар бар. Бүгінде қала бойынша 2 мыңнан аса ерекше қажеттіліктері бар балалар болса, олар 8 арнайы интернаттармен қатар өзге де білім ошақтарында білім алуда. Алматы қаласының 2025 жылға дейінгі даму бағдараламасына сәйкес инклюзивті ортада сабақ беретін мыңнан аса мұғалімді жыл сайын оқытып отыру көзделіп отыр.
Қазіргі уақытта №208 мектеп-гимназиясындағы 37 сыныпта 960 оқушы қазақ тілінде білім алады. Заманауи оқу ғимаратында толықтай жабдықталған 8 блок, 72 оқу кабинеті бар. Бастауыш және 5-9, 10-11-сынып оқушылары арнайы блоктарда оқиды. Мектепке Гүлбада Әденова басшылық етеді. «Ботакөз-2» шағын ауданындағы №209 мектепте 2 851 оқушы білім алуда. Бұл мектептің директоры – Нұрлан Адамов. Сынып саны – 109. Оқушылар қазақ және орыс тілдерінде білім алады. Мектепте панорамалық әйнектелген 77 оқу кабинеті интерактивті панельмен, smart тақта және заманауи модификациядағы жиһаздармен жабдықталған. Эргономикалық интерьермен ерекшеленетін мектеп дәліздері мен кеңселері кең.
Заманауи мектептерде медиатека, кітапхана, сыртқы спорт алаңы мен ойын алаңдары оқушыларға қолайлы етіп жасалған. Биология, химия, физика кабинеттері зертханалар, практикалық жұмыстарға қажетті көрнекі құралдармен қамтамасыз етілсе, арнайы станоктармен жабдықталған ағаш және металл шеберханаларында, саз бен қышты өңдеуге арналған құралдарда оқушылар зор қызығушылықпен жұмыс істейтіні сөзсіз. Аспаздық кабинеттер, мата өңдеу және технология шеберханалары қыз балалар үшін қолайлы. Спорт залдар soundex дыбыс өткізбейтін панельдерімен қапталып, sonaspray бүріккіш құрылғыларымен қамтамасыз етілген. Заманауи асхана да ерекше әрленген. Face ID заманауи жүйесімен жабдықталған мектепте балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлініп отыр. Ата-аналарға да қолайлы жағдайлар қарастырылып, балалардың мектепке кіріп-шыққаны туралы хабарлама ала алады.
АЛМАТЫ
Эстонияның теңіз академиясы Қазақстан студенттерін оқытуға дайын
Білім • Бүгін, 13:15
Бес өңірдегі Президент резиденциялары балалар игілігіне беріледі
Қоғам • Бүгін, 13:07
Шетелдіктердің Қазақстанда тұрақты тұруына рұқсат ресімдеу қағидалары өзгерді
Қазақстан • Бүгін, 12:53
Мексика әйгілі құтқарушы иттерін Түркияға көмекке жіберді
Әлем • Бүгін, 12:42
Жер сілкінісі кезінде дүниеге келген сәби құтқарылды
Әлем • Бүгін, 12:30
«АМАNАТ» партиясы ОСК-ға құжаттарын тапсырды
Қоғам • Бүгін, 12:22
Алматыда интернет-алаяқтар тобы ұсталды
Қоғам • Бүгін, 12:13
Ақмолада қосалқы электр станциясын салу кезінде 1,3 млрд теңге ұрланды
Қаржы • Бүгін, 12:05
Оқиға • Бүгін, 11:51
Президент Қазақстандағы Түркия елшілігіне барды
Президент • Бүгін, 11:44
Қазақстан және араб елдері арасындағы ынтымақтастық талқыланды
Саясат • Бүгін, 11:33
Ақын Дәулеткерей Кәпұлы «Ауыл» партиясы атынан сайлауға қатысады
Сайлау • Бүгін, 11:22
Астанада ұлттық пікірсайыс турнирі өтеді
Қазақстан • Бүгін, 11:15
Оралда жанармай талонмен беріліп жатыр
Қоғам • Бүгін, 11:08
Жигули Дайрабаев пен Қарақат Әбден Мәжіліс сайлауына қатысады
Сайлау • Бүгін, 10:58
Алматы облысында жол апатынан бір адам қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 10:50
Палестинада 4,8 балдық жер сілкінісі болды
Әлем • Бүгін, 10:45
Димаш Құдайберген Түркияға қаржылай қолдау көрсетеді
Қоғам • Бүгін, 10:32
Павлодарда түрмеге есірткі кіргізбек болған әйел ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 10:23
Түркияға Қазақстанның тағы бір құтқарушылар жасағы аттанады
Оқиға • Бүгін, 10:12
Әлем • Бүгін, 10:03
Мейірім Нұрсұлтанов жапон боксшысымен жұдырықтасады
Кәсіпқой бокс • Бүгін, 09:55
Австралия ұлттық паркіне Boeing ұшағы құлады
Әлем • Бүгін, 09:43
Түркияда зілзаладан қаза тапқандар саны 5800-ден асты
Әлем • Бүгін, 09:35
Екібастұзда уақытша жылу өшіріледі
Аймақтар • Бүгін, 09:27
Өткен тәулікте 91 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:20
8 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:12
Президент Түркияға көмек ретінде 1 млн доллар бөлуді тапсырды
Президент • Бүгін, 09:07
Сайлау • Бүгін, 08:58
Жаңа медиа және ғалам экономикасы
Қоғам • Бүгін, 08:55
Егіске несие беру жалғасып жатыр
Несие • Бүгін, 08:50
Қазақстан • Бүгін, 08:45
Инвестиция • Бүгін, 08:40
«Қара пима» көрерменге ой салды
Театр • Бүгін, 08:35
Марапат • Бүгін, 08:35
«Grand Slam» жарыстары елімізде өтеді
Спорт • Бүгін, 08:30
Қазақстан • Бүгін, 08:25
Әлем • Бүгін, 00:28
Азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары
Үкімет • Бүгін, 00:26
«Ерекше театрдың» елордадағы премьерасы
Театр • Бүгін, 00:24
Ұқсас жаңалықтар