Қоғам • 14 Желтоқсан, 2022

Елімізде балалардың жеке жинақ шоты ашылады

465 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде балалардың жеке жинақ шоты ашылады

Вице-министрдің айтуынша, «Балаларға арналған ұлттық қор» бастамасы 2024 жылы басталады.

«18 жасқа дейінгі барлық балаларға жеке жинақ шоттары ашылады, оған қаражат жыл сайын аударылады. Шот операторы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры болады», деді ол.

Оның айтуынша, жиналған қаражат кәмелеттік жасқа толғанда ғана пайдалануға беріледі.

Қажетті заңнамалық өзгерістер 2023 жылы қабылданады деп жоспарлануда.