Ауа райы • 21 Желтоқсан, 2022

Алдағы үш күнде ауа райы тұрақсыз болады

268 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 22-24 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Алдағы үш күнде ауа райы тұрақсыз болады

Таяудағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі. Жылу мен ылғалдың үлкен қоры бар Атлантикалық циклонымен қар, бұрқасын, желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28 м/с қүтіледі. Еліміздің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ болжанады.

Атмосфералық жоғары қысым алқабымен тек еліміздің батысы мен оңтүстігінде негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Синоптикалық процестердің тез ауысуымен ауа температурасының күрт өзгеруі күтіледі. Атап айтқанда, еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы 23 желтоқсанда түнде 20-35 градусқа дейін төмендейді, ал 24 желтоқсанда түнде 5-20 аязға дейін жоғарылайды.