Қоғам • 22 Желтоқсан, 2022

Қазақстанда сән-салтанат салығы қашан енгізіледі?

352 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының кулуарларында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Қазақстанда сән-салтанат салығын енгізу мерзіміне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда сән-салтанат салығы қашан енгізіледі?

Министр атап өткендей, келесі жылдың бірінші тоқсанында бейінді мемлекеттік органдар сән-салтанат салығы туралы нормаларды қамтитын жаңа Салық кодексін құру бойынша белсенді жұмыс істеуді жоспарлап отыр.

«2024 жылдан бастап жоспарланып отыр. Келесі жылы біз жаңа Салық кодексімен белсенді жұмыс істейміз деген ойдамын. Оны күзге дейін Парламентке енгіземіз. Сонда да көп нәрсе Парламентке байланысты болады. Әзірге, сән-салтанат салығы және жалпы жаңа Салық кодексі 2024 жылдан бастап енгізіледі деп болжай аламыз», деді Әлібек Қуантыров.