«Биыл Парламент 150 заң жобасын қарады. 79 заң қабылданды. Бұл құжаттар Конституциялық реформаны жүзеге асыруға бағытталған. Азаматтарды әлеуметтік жағынан қорғауға, бизнесті өркендетуге арналған. Сондай-ақ қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді көздейді», деді Тоқаев.
Атап айтқанда, бала күтіміне байланысты төлем мерзімі 1 жылдан 1,5 жылға дейін ұзартылды. Бұл шара балалардың да, оларға күтім жасаушылардың да әлеуметтік қауіпсіздігін арттырады. Жастар санатының деңгейі 29-дан 35 жасқа дейін өсірілді. Бұл азаматтардың мемлекеттік қолдау шараларын көбірек алуына мүмкіндік береді. Балаларды кибербуллингтен қорғайтын заңнамалық механизмдер енгізілді.