Аймақтар • 17 Қаңтар, 2023

Ғалымның ғасырлық белесі

221 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Ғылым ордасында» Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, ардақты май­дан­­гер, биология ғылымдарының докторы, профессор Зұлқарнай Сейітовтің 100 жасқа толуына арналған мерей­тойлық шара өтті.

Ғалымның ғасырлық белесі

Алқалы жиынның ашы­луын­да мерекелік шараны ұйым­­дас­тырған Қазақстан-Ресей меди­циналық универ­си­тетінің ректоры Нұрлан Жай­­нақбаев құт­тықтау сөз сөй­леп, «Ға­лым­­ның жүріп өт­кен жолын, ең­бек­терін еліміз ғана емес, Дос­тастық елдері де ғибратты ес­те­ліктермен еске алатыны сөз­сіз» деп атап өтті.

Жиын барысында Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Мұхамеджан Таласов министрдің арнайы құттықтау хатын оқып, Зұл­қай­нар Сейітұлына «Ел қор­ғаны» медалін табыс етті.

Химия ғылымдарының докторы, профессор Зұлхайыр Ман­сұров 100 жасаған ғалым­ның биохимия сала­сын­­дағы кешенді еңбек­теріне тоқталып, еліміздің денсау­лық саласына қосқан үлесін, са­­ламат­ты өмір салтын ұс­та­ну, ағзаның ұзақ жасауына қатысты жазған монография­ла­ры­ның ұлт­тық болмысымыз­бен терең ас­тасып жат­қандығына тоқталды.

Жиынға келгендер профессор Зұлқарнай Сейітовтің өмір жолына қатысты фильм­ді көріп, ағылшын ті­лін­де жарыққа шыққан «Bio­che­mis­try» еңбегімен таныс­ты. Бұл еңбек өткен ғасыр­дың 80-жылдары орыс, ке­йін­­нен қазақ тілінде жарық кө­­ріп, ғылыми қауымдастық та­ра­пынан жоғары бағасын ал­ғаны белгілі. Осы еңбегі үшін профессор «Платиналы Тар­­лан» сыйлығымен мара­пат­талған. «Ғалымның бұл еңбегін «классикалық меди­ци­налық еңбек» деп атап өткен М.Айтхожин атындағы Моле­кулалық биология және биохимия институтының бас директоры, биология ғылымдарының докторы, профессор Камалиден Шариповтың айтуынша, қазақ хал­қының басынан кеш­кен нәубет ауыртпалығын, Екінші дүние­жүзілік соғыс жылдарын басынан өткеріп, ұлттық ғылым ісінің дамуына әлі күнге дейін үлес қосып келе жатқан арда­гер-ғалым Зұлқарнай Сейітовтің бұл еңбегі жаһандық сын-те­геу­ріндерді басшылыққа ала­ды. Ағзадағы зат алмасу үр­дісі­нен бастап, жүйке жүйесі, дә­некер ұлпасы, бауыр биохимиясын сипаттайтын «Био­химия» кітабын Қазақстан-Ре­сей университеті ағылшын ті­лін­­де жарыққа шы­ғарып отыр.

«Биохимия» еңбегінің ав­торы бүгінде еліміз ғана емес шетелдің ғылыми қауым­дас­тығына ұлттық сусын­дардың пайдасы, «Қазақ бальзамдары» мен «Алтынсу» емдік сусындарымен кеңінен мәлім. Ол дүние жүзінде алғаш рет биологиялық қасиеттерін сақтай отырып, қымыз бен шұбатты дайындау және ұзақ уақытқа дейін сақтау технологиясын, сонымен қатар бие, түйе сүтін құрғақтай пайдалану әдістерін дәлелдеді.

 

АЛМАТЫ