Қоғам • 14 Наурыз, 2023

+77: Қазақстанда телефон коды өзгеруі мүмкін

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінгі Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстанның телефон коды өзгеруі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

+77: Қазақстанда телефон коды өзгеруі мүмкін

Бағдат Мусин АҚШ-қа жасаған жұмыс сапары кезінде Халықаралық телекоммуникация одағының Бас хатшысы (ITU)  кездесті.

«Біз Дорин Богдан-Мартинамен бұл мәселені егжей-тегжейлі талқыладық. +997-ге өту қиын емес. Бұл нөмір бізге резервке қойылды. Бірақ мен ITU-ға +7 орнына +77 қалдыруды ұсындым. Алайда, ITU бір күнде шешім қабылдай алмайды, тиісті отырыстар мен талқылаулар өткізілуі керек, бұл да біраз уақытты талап етеді. Басқа телефон кодына ауысу туралы ұсыныс әлі де талқыланады. Осылайша, Қазақстанның басқа елдермен бірге қолданылатын +7 емес, +77 коды болады деп үміттенеміз», деп түсіндірді Бағдат Мусин.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35