Мәселе • 04 Сәуір, 2023

Жүйкені жұқартқан жалақы «жыры»

407 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Кейінгі уақытта Жамбылда жалақы «жыры» Манастың ырынан кем түспей тұр. Әлеуметтік теңсіздіктен қажыған халық шайлыққа жетпейтін айлықтың мәселесін көтеруден жалығар емес. Жарытымды жалақыны армандаған жамағат билік басындағылар мен олардың қасындағылар жанайқайымызға құлақ асатын күн туса деген арманның жетегінде жүргені жасырын емес.

Жүйкені жұқартқан жалақы «жыры»

Жұрттың жанайқайы ел­ «автобан» атап кеткен­ «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» авто­дә­лізінен құмығып шығады. Айға­ жетпес уақыт бұрын «Шым­кент СпецСтрой» ЖШС-ға қарасты қызметкерлер жа­­ла­­қының аздығын айтып­ дау шығарған еді. Енді «Шым­кентСпецКомплекс» ЖШС-ның­ жұмысшылары айлық мәсе­ле­сін­ алға тартып, жанайқайын жайып салды.

вар

Еңбекақының аздығы жүй­ке­сіне әбден ши жүгіртсе керек,­ жол тазалығына жауапты­ серіктестік қызметкерлері ай­лық­ты 30 пайызға көбейтуді та­лап етті. Бас көтерген жұ­мыс­шылардың уәжіне сенсек,­ кейінгі уақытта жалақы кешік­ті­ріліп беріліп келген. Ол аз де­сеңіз, зейнетақы төлемі тоқ­та­ған. Ал қызметкерлер 170 мың­ теңге еңбекақыны азсынып­ отыр. Айтуынша, алатын­ жалақылары жан бағуға жет­пей­ді. Ал атқаратын жұмыс ау­қымы аз емес.

Қысқасы, «Шым­кент­Спец­­­­­­Комплекс» ЖШС қыз­­­­­­мет­кер­ле­рімен өзара келі­сімге келе алмай отырған секілді. Содан да болса керек, айлықтың мәсе­­ле­сін көтерген отыздан­ аса жұмысшы қудалауға ұшы­ра­дық деп наразылық танытып отыр. Осындайда «Арқа жайлы болса, арқар ауып несі бар» деген мақал еріксіз еске түседі екен.

Жуалы ауданы мен Мер­кі­­ ау­даны аралығындағы рес­­­­­­пуб­­­­­­­ли­­­калық ақылы жолды кү­­тіп­ ұс­таудың мехнаты зор екені айтпаса да түсінікті. Жол бойындағы тазалыққа жауап беретін қызметкерлер тиісті құ­рылғылармен қамтылуы керек-ақ. Алайда олар қор­шау­­ біткеннің қадасын экска­ва­тордың шөмішімен қағып жүр­міз дейді. Айтуынша, қажетті құ­рыл­ғылар жоқтың қасы кө­рі­­­неді.

«Біздегі қызметкерлер де, жүр­гізушілер де, механизаторлар да қолмен жұмыс істеуге мәж­бүр болып жүр. Ешқандай тех­ника жоқ деуге де болады. Ба­сымызды бәйгеге тігіп, бар де­ген қауіпті техникалармен жұ­мыс істеп жатырмыз. Осы мәсе­леге бас ауыртатын жан табы­лар ма екен?», дейді жүк көлігінің жүргізушісі Мақсат Әжібаев ашынып.

Деректерге сенсек, авто дә­ліз­­дің тазалығына жауапты­ мекеменің ішкі жұмысына «Қаз­АвтоЖол» мекемесі ара­ласа алмайтын көрінеді. Жала­қыны төлеу мәселесін тап­сырыс алған серіктестік өзі ше­шеді. Ал серіктестік басшылары жалақы берілмейді деген әңгімені жоққа шығарып отыр. Олар әлеуметтік төлем де тоқ­­­тамағанын айтады. Әйтсе де,­ жол жөндеу жұмысында тек­­серулер орын алатыны мә­лім.­ Тиісті тексерістерден ке­йін ғана жалақы қызмет­кер­­­лердің шотына аудары­ла­­тынын, салдарынан еңбек­ақы­­­ның кешігетінін жоққа шы­ғармайды. Белгілісі сол, жұмыс­­шылардың талабы­ жа­қын арада орындалмайтын­ сияқты. Серіктестік жетек­ші­ле­рі еңбекақыны жуық арада өсіру­ мүмкін емес дегенді алға тар­­тып отыр. Ал өз міндетін тиіс­­ті деңгейде орындамаған ал­ты қызметкер жұмыстан босаған екен.

«Қызметкерлердің жұмы­сын­ жүйелейтін шеберлердің қате­­лігінен еңбекақы кешік­ті­рі­ліп беріліп жатыр. Өкінішке қарай, қалған адамдар солар­дың соңына еріп, жұмыс орнын­ тастап кеткендіктен, заң­ жүзін­де акт толтырылып, мін­де­­тін дұрыс атқармағандар жұ­мыс­­тан босады. Ол кісілер жұ­мыстарын әрмен қарай жал­ғастыруға ниетті болса, серік­тес­тік басшылары оларды қай­тадан жұмысқа қабылдауға еш қарсы емес», дейді «Шым­кент­СпецКомплекс» ЖШС дирек­то­рының орынбасары Мақсат Құрмантай.

Қалай десек те, авто­дә­­­ліз­ бойын тазалау жұ­­­­­­мыс­­­тарының оңай емес еке­ні анық. Қызметкерлер тиіс­ті құрылғылармен қам­ты­лып, уақыт талабына сай ең­бек етсе, одан серіктестік бас­шыларының ұтылмайтыны дау­сыз. Ал жалақыны көтеру мә­селесі жуық арада шешімін тап­­пайды деп қарап отыру қан­ша­лықты ақылға қонымды? Қым­батшылық қос бүйірден қыс­қан уақытта жұмысшылар да­ лайықты еңбекақы алуға тиіс емес­ пе? Бәлкім, серіктестік бас­шылары бұл мәселені де оңы­нан шешуге ден қойғаны жөн­ шығар.

Жұмысшылар көтерген дау­дан кейін «ҚазАвтоЖол» Ұлт­тық компаниясының рес­ми­­ өкілі Ләззат Стамғазиева үн­­ қатқан. Оның сөзінен түсін­ге­німіз, еңбекақыны көте­ру­ мәселесін, жоғарыда айт­қа­нымыздай, қазіргі кездегі заң­намаға сәйкес жауапты сері­ктестік басшылығы өзі ше­шеді. Ал ұлттық компания­ мен мердігер мекеме­ ара­сын­дағы келісімшартқа қа­тыс­­ты толыққанды тексеру­ жұмыстары жүргізілмек. Нәти­жесі уақыты келгенде­ жария­лан­бақ. Қысқасы, жо­ғары лауа­зымды тұл­ға­­лар араласпа­йынша, жұ­мыс­­шылардың жа­ла­қысын көтеру мәселесі екі­та­лай болып тұр.

 

Жамбыл облысы