Қоғам • 06 Сәуір, 2023

Драматургиядағы жаңа қадам

349 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстанның 2023-2029 жылдарға арналған мәдени саясатын дамыту тұжырымдамасын ұсынды. Құжатта театрларға ерекше көңіл бөлінген. Нысаналы индикаторлардың бірі – авторлық қойылымдарды үш есе ұлғайту.

Драматургиядағы жаңа қадам

Тұжырымдамаға сәйкес 2029 жылға қарай жыл сайын авторлар­дың 600 спектаклін сахналау жос­парланып отыр. Қойылымдар санының артуы кезең-кезеңімен жүзеге асады. Мәселен, биыл 245 спектакль қою міндеті тұр, бұл өткен жылмен салыстырғанда 62 қойылымға артық.

Сонымен қатар инклюзивті топтың балалары үшін театр труп­паларын ашу, ерекше қажетті­ліктері бар адамдарға спектакль­дердің онлайн-көрсеті­лім­дерін ұйымдастыру, жаңа театрлар салуды және жас таланттар­ды мемлекеттік қолдау шараларын одан әрі іске асыру көзделіп отыр.

«Еліміздің театр өнерін дамыту – алдағы бірнеше жылдағы басты міндеттеріміздің бірі. Театр біздің азаматтарымызға барынша қолжетімді болуға тиіс. Бұл тек көрермен үшін емес, сонымен қатар жас талантты драматургтер үшін де керек. Жаңа авторларсыз даму мүмкін емес, сондықтан министрлік жаңа есімдерді танытуға ерекше назар аударады. Мәселен, өткен жылы әдебиет саласындағы «Айбоз» тұңғыш ұлттық сыйлығы табыс етілді. Биыл жас жазушылар мен ақындарға арналған Президенттік әдеби сыйлық табысталады», деді Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов.