Ауыл • 02 Мамыр, 2023

Ауылдар ақпараттық жүйеге енеді

238 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Өңірдегі елді мекендерді дамыту, ауылдарда құры­лыс жұмыстарын жүргізу бас жоспарда бекітілген тәртіппен жүзеге асырылатыны белгілі. Ол үшін облыстың геоақпараттық жүйесін бір қалыпқа түсіру керек. Қысқасы, бүгінде қолда бар мүмкіндікті пай­­д­алана отырып, өңір­дің картографиялық дерек­терін енгізу, сәу­лет және қала құрылысы, жер қаты­настары салаларының мем­­лекеттік қызметтерін авто­маттандыруға айрық­ша ден қойылған.

Ауылдар ақпараттық жүйеге енеді

Облыс әкімдігі сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Айтқазы Қарабалаев­тың айтуынша, өңірлік гео­ақ­па­раттық жүйені құру жұмыс­­тары уақтылы аяқтал­ған. Нәти­же­сінде, облыс орталығы Тараз қа­ласындағы жер учаскелері шекараларын сәйкестендіру үшін аэрофототүсірілім жұмыстары жүргізілген.

«Облыс және қала тұр­ғын­дары үшін геопорталдың ашық картасы жасалып, 160-тан аса геопорталдың электрондық ке­зек­ші картасы қызмет бабында пай­далану үшін ретке келтірілді. Оның ішінде геопорталға ар­налған 367 бірыңғай талапқа сай картографиялық деректер енгізілді. Ауқымды жұмыс­ты мамандар дер кезінде жүйеле­генін айта кеткен жөн. Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметті цифр­ландыру жұмыстары да жолға қойылды. Нақтырақ айтар болсақ, сәулет және қала құ­рылысы саласына қарасты 6, жер қатынастары саласына қарасты 8 мемлекеттік қыз­мет дер кезінде автоматтанды­рылды. Бүгінгі таңда облыс әкім­дігінің цифрлық техноло­гиялар басқармасына қарасты өңірлік геоақпараттық жүйе­сі орталығы тарапынан бірқа­тар автоматтандырылған мемле­кет­тік қызметті іске қосу жұ­мыстары жүргізілуде. Бұл ша­руа­ның да уақтылы аяқта­ла­тынына ешқандай күмән жоқ», дейді басқарма басшысы жағ­дайды түсіндіріп.

А.Қарабалаевтың айтуынша, облыс әкімдігіне қарасты 14 бас­қармада жалпы саны 24 авто­маттандырылған жұмыс орны қалыптастырылып, деректер енгізіледі. Бүгінде басқарма тарапынан мемлекеттік қызмет­терді өңдеу, түсіндіру бағытында бірқатар нақты жұмыс қолға алынған.

«Өңірлік геоақпараттық жүйе­ні жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадас­тры ақпараттық жүйесімен, элек­тронды үкімет порталымен «Smart Bridge» платформасы ар­қылы тәжірибелік инте­гра­ция­лау жұмыстары 100 па­йыз орындалғанын ай­та кет­кен ләзім. Сонымен қа­тар мемле­кеттік меншіктен жер учас­келеріне құқық беру жө­ніндегі қанатқақты жоба­ның «Жер учаскелерін аук­цион арқылы беру» қыз­мет­тері де автоматтандырыл­ды. Ат­қарылып жатқан жұмыс мұ­нымен тоқтап қалған жоқ. Осы жылы облыстың өңірлік геоақ­па­раттық жүйесін толық­тай аяқ­тап, іске қосу үшін бір­қатар қажетті деректі то­лық­тыру керек. Бұл енді кезек күт­тірмейтін шаруа десек те бола­ды. Ол үшін екі бірдей өзек­­­ті мәселені дер кезінде рет­­­теу керек. Бірінші кезекте өңір­­дегі 359 елді мекеннің бас жос­парын цифрландыру мәсе­лесіне айрықша назар ауда­рып отырмыз. Сол арқылы геоақ­параттық жүйеге енгіземіз. Бас жоспар жобасын цифрландыру арқылы қызыл сызықтағы аймақтар, функционалдық ай­мақтар, қорғау аймақтары, әрбір жер учаскелерінің нысаналы мақсаты, көше жолы желісі, бос жер учаскелері және өзге қала құрылысы деректері енгізілмек.

Бұдан бөлек, алдағы уақытта аудан орталықтарына 1:500 мас­штабтағы аэрофототүсірілім жұ­мыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз. Басты мақсатымыз – бос жер телімдерін анықтау ба­рысында таңдалған жер учас­кесінің қолданыстағы жер телі­мінің шекарасына кірмей дәл кон­фигурацияда болуын қамта­масыз ету, бас жоспар мен егжей-тегжей жобалауды дәл мас­штаб­пен байланыстыру. Сол арқылы геопортал жүйесіне өңір елді мек­ен­деріндегі бос жер учас­келе­рін жа­риялауға мүмкін­дік ту­мақ», дейді А.Дәулет­құл­ұлы.

Басқарма басшысының сө­зіне сенсек, осы жұмыстар өз дең­гейінде атқарылған кезде мемлекеттік меншіктегі жер учас­­­келеріне электронды құқық беру қызметін іске асыруға то­лық­тай мүмкіндік туады. Сон­дай-ақ облыс орталығы санала­тын Тараз қаласы мен Шу, Жаңа­тас, Қаратау қалаларында жер учаскелері жаңа әдіспен, яғни элек­тронды түрде беріледі екен.       

«Тиісті қызметтерді алу үшін бірінші кезекте өтініш беруші «E-Gov» порталына тіркеліп, «Жа­­рия кадастрлық карта» ар­қы­лы өтінішті ұсынады. Өті­ніш одан әрі қарай e-jambyl.kz сайты арқылы өңірлік гео­ақ­­параттық жүйесіне жолда­нады. Геопортал арқылы кел­ген өтінішке сәйкес жер учас­кесін беру немесе бас тарту мә­селесі қаралады. Берілген жағ­дайда қажетті құжаттарды әзір­леу, келісімшартты алу, дайын құжатты ұсыну секілді жұмыстар кезегімен жүзеге асады. Тиісті шешімдерді қабылдау, келісімдерді алу бойын­ша әділдік пен ашықтықты қам­тамасыз ету үшін жария ка­дастрлық картаға жер учас­келері, құқықтық және қала құры­лысы талаптары туралы дерект­ер енгізіледі. Жоғарыда атал­ған деректер бірінші кезекте об­лыстың e-jambyl.kz геопор­талына толықтырылып, одан әрі қарай геопорталмен интегра­ция жүргізу арқылы жария кадас­тр­лық картаға ұсынылады. Қазіргі уақытта басқарма тарапынан геопорталды қосымша деректермен толықтыру жұмыстары жоспарға сәйкес атқарылуда. Әлбетте өңір үшін маңызы зор жұмысты уақтылы жүзеге асы­руға күш салып жатырмыз.

Бұдан бөлек, осы жылдың екін­ші тоқсанының басында бас­қарма мен «КазГИСА» ЖШС және Жамбыл облысы әкім­­дігінің цифрлық техно­ло­гиялар басқар­масының қа­тысуы­мен Тараз қаласы, Шу, Са­рысу, Талас ауданы әкімді­гінің сәулет және қала құ­ры­лысы, жер қатынастары бө­лім­­де­рінің жауапты мамандары жер учаскесін жаңа әдіспен беру туралы түсіндіру, талдау жұ­мыс­тарын жүргізді», дейді бас­қарма бас­шысы.

Айтқазы Қарабалаевтың айтуынша, алдағы уақытта өңір­дегі төрт шағын қаланың монополия субъектілері назардан тыс қалмайды. Жаңа әдіске сай жер учаскесінің таңдау акті­сін геопортал арқылы келісу үдеріс­терін түсіндіру, талдау жұмыс­тары қолға алынбақ.

 

Жамбыл облысы