Қатты желден Кентау қаласындағы мектеп пен колледждің және тұрғын үйлердің шатыры ұшып, халық әбігерге түсті.
Кеше қала орталығында орналасқан Ы. Алтынсарин атындағы №1 мектептің де шатыры құлап, аулада кетіп бара жатқан ұстаздың басына түскен болатын. Бірден ауруханаға жеткізілген педагогке алғашқы дәрігерлік көмек көрсетілді.
«Қазір науқастың жағдайы орташа. Басындағы самай бөлігіндегі жарақат тігілді. Ол травматология бөлімінде ем алып жатыр», деді Кентау қалалық орталық ауруханасының бас дәрігері Асылбек Утебаев.