Музей • 22 Мамыр, 2023

Қолыңмен ұстап, жүрекпен сезін

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтар кітапханасының ұйытқы болуымен елімізде тұңғыш рет «Тифломузей жобасы» аясында «Қолыңмен ұстап, жүрекпен сезін» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды. Оның аясында облыстық тарихи-өлкетану музейінің ортағасырлық жәдігерлерінен экспозиция жасақталды.

Қолыңмен ұстап, жүрекпен сезін

– Заманауи үлгідегі QR-код қойылған экспозиция мүмкіндігі шектеулі азамат­тардың смартфонға жәдігердің кодын енгізу арқылы ор­та­ғасырлық тарихқа саяхат жасауына мүмкіндік туғызды. Бұл іс-шара арқылы зағип жандар кітаптан оқып, құлақпен естіген мәліметін қолымен ұс­тап сезінді. Осылайша, олар мыңжылдықтармен сабақ­тасып жатқан Тараздың тарихымен танысып отыр, – дейді кітап­хана директорының орын­басары Зарина Дү­кен­бае­ва.

Кітапхана басшыларының айтуынша, алғаш рет ұй­ым­­дастырылған іс-шара барысында QR-код арқылы 30 жәдігер қойылса, ал­дағы уа­қытта тас дәуірі жәдігер­ле­рінен қа­зіргі заман тарихына дейін қам­тып, аталған жоба арқылы сурет әлемі мен ұлт­тық қол­өнеріміздің қыр-сы­рын таныстыру секілді бағытар да қарастырылмақ.

«Тифломузей жобасы» аясында қолға алынған тарихи-танымдық іс-шараға белсене қатысқан азаматтар жобаның өздерін қызықтырғанын тілге тиек етті. «Еліміздің қай қиы­рын алып қарасақ та, тарихы терең екеніне күмәніміз жоқ. Оның ішінде Жамбыл облысының, Тараз қаласының орны бөлек екені рас. Екі мың жылдан аса тарихы бар Та­раздағы әрбір жәдігердің уа­қытында қалай жасалғаны біз үшін қызық. Сондықтан да мұндай іс-шаралар жиі ұйым­дастырылса екен», дейді олар.

 

ТАРАЗ