1987 жылы Энгелина Ғабитқызы музейге жазушының осы шынжыр баулы қалта сағатын тарту етті. Челябі сағат жасау зауытынан шыққан. Маркасы «Молния». Зауыт 1947 жылдың 17 қарашасынан бастап 2007 жылға дейін осы маркалы қалта сағаттарын шығарған. Жазушыға сағатты 1982 жылы 80 жылдығына сыйға берген. Темірден өріліп жасалған шынжырлы бауы, ашылып-жабылмалы қақпағы бар. Қақпақтың алдыңғы бетінде саңырау құр мен шырша, ал екінші бетінде өсімдік бейнесі салынған. Сағат пен минут көрсететін тілдері бар. Секунд көрсететін тілі сағат бетінің сол жағында орналасқан. Уақыт бірліктері араб сандарымен көрсетілген. Диаметрі 4,6 мм, қалыңдығы 1,65 мм. Шынжырлы бауының ұзындығы 32 см. Ғабеңнің соңғы ұстаған сағаты бұл күнде құнды жәдігер ретінде музей экспозициясына қойылып, көпшілік назарына ұсынылған.
Рашида Отарова,
С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық
музей кешенінің ғылыми қызметкері