Өнер • 30 Мамыр, 2023

Қазақ әні қытай тілінде шырқалады

353 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақ ән өнері – ұлт жанының өмірбаяны іспетті. Мейірім, махаббат, сүйіспеншілікке суарылған төл туындылар ел жадында жаңғырып келеді.

Қазақ әні қытай тілінде шырқалады

Қазақтың 30 әнінің мәтіні қы­тай тіліне аударылып, арнайы жинаққа енгізілді. Оның тұ­сау­кесері Бейжің қаласында өтті. Жинаққа өзге де сазгер­лер шығармаларымен қатар Абай Құнан­байұлы, Шәмші Қалдаяқов, Нұрғиса Тілен­диев, Ал­тын­бек Қоразбаев әндері енген. Шығар­малар жи­нағының құрастырушысы – белгілі Қы­тай жазушысы Әкбар Мәжит. Бір­шама жыл бұрын Әкбар мырза Абай өлеңдері мен поэмаларын, қарасөздерін қытай тіліне аударған. Қаламгердің айтуын­ша аударма жұмысы оңайға түс­пеген. Әннің мағынасымен қатар әуезді ырғағын жеткізуде Ә.Мәжит аянбай тер төккен. Кей­бір шығармаларды ол 40 жыл бұрын аудара бастағанын айтады. Тұсаукесер рәсімінде «Желсіз түн­де жарық ай», «Айттым сә­лем Қа­ламқас» сынды әндер орын­далған.

Айта кетейік, қазақ әндері қы­тай тілінде біршама уақыттан бері шыр­­қалып келеді. Мәселен, «Қар­лығаш» әнінің сөзі қытай тіліне тұң­ғыш рет 1930 жылы ауда­рылған.

– Мен бұл еңбегімді былтыр аталып өтілген Қазақстан мен Қытай арасындағы дипло­ма­тиялық қарым-қатынастың 30 жыл толуына арнап отырмын. Пандемия салдарынан жинақ дәл уақытында шығып үлгер­меді. Аударма жұмысы оңайға соққан жоқ. Мұндай мереке екі халықтың руханиятын жақындастыра түседі. Қос көрші мемлекеттің достығы, береке-бірлігі мәңгілік болсын деп тілеймін, – дейді Әкбар Мәжит.