Наразылық акциясына шыққан адамдар полицияның жасөспірімдерге көзді жасаурататын газ қолдануына да қарсылық білдірген.
Мұғалімдер мен олардың шәкірттері Ішкі істер министрлігі ғимаратының жанына жиналып, «білім берудің құлдырауы қоғамның күйреуімен тең» деп ұрандатты.
Венгрия үкіметінің мәлімдеуінше, ұстаздарға қатысты заң жобасы білім беру сапасын жақсартуға бағытталған.