Қоғам • 24 Шілде, 2023

Бейбіт Шүменовке іздеу жарияланды

278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменовке іздеу жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бейбіт Шүменовке іздеу жарияланды

Шүменовке іздеу жарияланғаны туралы хабарландыру 22 шілдеде құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталында пайда болды.

л

Баласын көтеріп тұрған ер адамды ұрып-соққан боксшыға бұзақылық жасады деген айып тағылды.

Еске салайық, жанжал Астанадағы сауда орталықтарының бірінде болған.  Бейбіт Шүменов қолында баласы бар ер адамды ұрды деп айыпталған еді.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева жағдайға қатысты пікір білдірді. Балалар омбудсмені Шүменов өз әрекетімен әкесінің қолында болған баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіргенін ескеру қажет екенін алға тартты.