Фото: https://primeminister.kz/
Министр желіде пайда болған отставкаға кету туралы петицияны да көргенін жасырмады.
«Біз ресми мәліметтерге сүйенеміз. Интернеттің сапасына қатысты мәселелер бар деп ойлаймын ба? Иә, бізде Қазақстанда сапа мәселесі бар екенін мойындаймын. Қазақстан азаматы ретінде мен де сіз сияқты интернетті пайдаланамын. Менде жеке интернет жоқ. Тұрғындарда болатын байланыс сапасына қатысты мәселелер менде де болады. Сондықтан біз операторларға нақты міндеттер қоямыз. Ал мен ай сайын базалық станцияларды орнату мәселесін қадағалап отырамын», деді Бағдат Мусин.
Еске сала кетсек, осы жылдың шілде айында Бағдат Мусин Speedtest Global Indeх мәліметіне сүйене отырып, Астана интернет сапасы бойынша Токионы басып озғанын мәлімдеген еді.