
Фото: Ашық дереккөз
Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде барикалық алқаптардың тез өзгеруі күтіліп отыр – жауын-шашын (жаңбыр соңы қарға ұласады), оңтүстікте жаңбыр жауып, жел күшейеді. Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман, көктайғақ күтілетіні болжанды.
Батыс өңірлердегі ауа температурасы түнде 5 аяз - 7 жылыға дейін, күндіз 5-18 жылыға дейін, солтүстік-батыс, солтүстік және орталықта түнде 5 аяз - 5 жылыға дейін, күндіз 5-13 жылыға дейін төмендеуі күтіледі.