Әлем • 27 Қазан, 2023

Тікұшақтан егістік алқабына миллион доллар шашты (ВИДЕО)

347 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Чехиялық миллионер далаға ақша шашты, деп хабарлайды Egemen.kz Brainee-ге сілтеме жасап.

Тікұшақтан егістік алқабына миллион доллар шашты (ВИДЕО)

Жуырда Чехия астанасы Прага маңында бір долларлық купюрадан «жаңбыр» жауды. Оны арнайы тікұшақ жалдаған жергілікті блогер Kazma ұйымдастырған.

Бастапқыда Kazma авторлық фильміндегі кодты шеше алған кез келген адамға миллион доллар беруге уәде етіпті. Дегенмен, жұмбақтың шешімін ешкім таба алмаған.

Кейін блогер бұл ақшаны өзінде қалдырмайтынын айтып, жаңа байқау жариялаған. Жексенбіде таңертең Kazma өзінің веб-сайтына тіркелген жазылушыларға электрондық пошта арқылы жасырын орынды жібереді. Бұл жер Прагадан 30 шақырым жердегі егістік алқабы болып шықты.

Белгіленген уақытта аспанда контейнері бар тікұшақ пайда болады, одан миллион доллар болатын купюралар шашылады. Ол кезде жерде мыңдаған адам болған.

Еуропалық БАҚ мәліметінше, келгендер бір сағат бойы рюкзактары мен пакеттерге банкноттарды жинаған.