Аймақтар • 16 Қараша, 2023

Зағип жандарға арналған құрылғы жасап шығарылды

138 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай облысына қарасты Аягөз ауданы мұғалімдері зағип жандардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін  «Электрондық жетекші» деп аталатын құрылғы ойлап тапты, деп жазады Egemen.kz аталған облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Зағип жандарға арналған құрылғы жасап шығарылды

Фото: Облыс әкімдігі. Телеграм

Көру қабілеті нашар адамдардың күнделікті қауіпсіз қозғалысын және өзіне деген сенімділігін қамтамасыз ететін құрылғы әртүрлі жарақаттардың алдын алады. Пайдаланушының жолындағы кедергілерді таяқтағы датчик алдын ала анықтайды, солайша соқтығысуды болдырмайды. Заманауи таяқтың тағы бір артықшылығы: орнатылған арнайы зуммер датчигі дыбыстық нұсқаулар береді және пайдаланушыға қажетті орынды табуға көмектесетін мобильді қолданбалары бар.

Бұдан бөлек, қоршаған ортадағы әртүрлі нысандарды және басқа да маңызды бөлшектерді анықтауға көмектесетін компьютерлік көру технологиясы да қарастырылған. Сондай-ақ қосымша мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін смартфондар сияқты басқа құрылғыларға қосылуға және өзара әрекеттестіруге болады.

Жоба авторлары: информатика пәні мұғалімдері Алтынай Ибраева, Арайлым Искакова, орыс тілі пәні мұғалімі Айжан Куандекова, математика пәні мұғалімі Данияр Надырбаев.