Қоғам • 21 Қараша, 2023

Қазақстанда зейнетақы тағайындау процесі өзгереді

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұған дейін қазақстандықтарға жыл сайын 50 млн-ға жуық қағаз анықтама ұсыну қажет болған. Бұл статистика азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгінуін қажет етпейтін проактивті қызметтерді енгізу шараларының арқасында азайып келеді, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда зейнетақы тағайындау процесі өзгереді

Фото: Тұрар Қазанғапов

Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтің шамамен 93%-ы электронды түрде көрсетіледі.

Алайда әлі де қағаз форматында анықтама сұрататын мекемелер бар. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында жұмыс берушілер мен мектептердің бұрынғыша анықтамаларды талап ету фактісін 2024 жылдан бастап толық жоюды жоспарлап отырғанын айтты. 

Өткен жылмен салыстырғанда смартфон арқылы көрсетілетін қызметтер саны 6 есеге өскен.

«Қазіргі таңда қазақстандықтар жаңа цифрлық сервистерді жиі қолданады. Атап айтқанда, олардың қатарында электрондық сенімхаттар беру, автокөлікті онлайн сатып алу-сату, ипотеканы онлайн рәсімдеу және т.б. қызметтер бар», деді Бағдат Мусин Үкімет отырысында.

Министр зейнетақы тағайындау процесі өзгертіліп, осы бағыттағы жұмыстар мүлдем жаңа форматта жүргізілетін мәлімдеді. 

Сондай-ақ жұмысқа орналасу, интернет қосу, декларацияларды тапсыру, балабақшаға кезекке тұру кезінде талап етілетін анықтамалардың 12 түрін жою бойынша жобалар әзірленіп жатқаны белгілі болды.