Әдебиет • 30 Қараша, 2023

«Ұлы дала ағартушылары» электронды кітапханасы құрылды

138 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхананың сайтында «Ұлы дала ағартушылары» электронды кітапханасы құрылды. Онда ұлы тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы, еңбектері, мақалалары мен зерттеулері туралы ақпарат ұсынылған. Барлығы 1000-нан астам еңбек бар, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ұлы дала ағартушылары» электронды кітапханасы құрылды

Фото: gov.kz

Электронды кітапхана жыл бойы жаңа ақпараттармен толықтырылады. Алдағы уақытта электронды кітапханаға білім саласына еңбегі сіңген ұстаздар еңбегі де қосылады. Қазіргі таңда электронды кітапхананы пайдаланушылар саны 12 мыңға жеткен.

Электронды кітапхананы https://rnpb.kz/  сайтынан көруге болады.