
Адам құқықтары мен заң үстемдігін қорғау жүйесін одан әрі дамыту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспары (бұдан әрі – Іс-қимыл жоспары) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметі:
1) Іс-қимыл жоспарын іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдасын;
2) жартыжылдық негізде 15 шілдеге және 5 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Іс-қимыл жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев
Астана, Ақорда, 2023 жылғы 8 желтоқсан