
Синоптиктер қыстың қалған екі айы «тосын сыйларға» толы болады деп болжап отыр.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, биылғы қыста 2001-2002 жылдардағы сценарий қайталанады. Яғни, өткен жылдардағы қыс айларымен салыстырғанда алдағы екі ай жылы болады деп болжанып отыр. Дегенмен, қаңтар - қарсыз, ақпан - ақтүтек борансыз өтпейді.
«Қаңтар-ақпанда Қазақстан аумағы бойынша температуралық фон негізінен климаттық нормадан 1-2°С жоғары болады. Желтоқсан айында Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы климаттық норма шамасында, ал ҚР солтүстігі мен шығысында нормадан 1°С төмен болады», деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Синоптиктер болжамына сүйенсек, қаңтардың орта шені қарлы-аязды болса, ақпан айының алғашқы он күндігінде боран болуы ықтимал.